Қаламгер шығармаларының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы жастардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға жоғары, техникалық және кәсіптік оқу-орындарының студенттері қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар екі кезең бойынша сайысқа түсіп, бірінші кезеңде Әбіш Кекілбайұлының кез-келген шығармасын жатқа оқыса, екінші кезеңде «Әбіш оқулары» тақырыбындағы өз туындысын ортаға салды.
Байқау нәтижесінде қазылар алқасы топтан озық шыққан жүйріктерді анықтап, жеңімпаздарға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Маңғыстау облысы