NASA жер маңындағы объектілерді зерттеу орталығының мәліметінше, 523934 (1998 FF14) атауына ие болған аспан денесінің көлемі шамамен 190 метрден 430 метрге дейін жетеді.
Оның көлемін биіктігі 139 метрге жететін екі-үш Хеопс пирамидасымен салыстыруға болады.
Ресей Ғылым академиясының Астрономия институты жұлдыздар физикасы және эволюциясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Вибенің айтуына қарағанда, бұл қашықтықтан ғаламшарға әсер ету мүмкін емес.
"Бұл - қалыпты жағдай, - дейді ғалым. - Ол қатты жақындамайды. Кез келген астероид Жерге бір жағдайда ғана әсер етеді, яғни Жерге құлаған кезде. Бірақ осындай қашықтықтан ұшып өтетін астероидтың ешқандай әсері болмайды".
Оның айтуынша, астероидтың көлемі бірқалыпты.