Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2019

Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық (ОААЭЫ) Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысында 18-ші Министрлер конференциясына дайындық, ОААЭЫ Көлік стратегиясы 2030 және ОААЭЫ Энергетикалық стратегиясы 2030, ОААЭЫ 2030 стратегиясын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес ОААЭЫ-ның Сауда бойынша интеграцияланған бағдарламасы 2030, оның ішінде транзиттік жүйені және жалпы ақпарат алмасуды жақсарту жөніндегі ОААЭЫ-ның пилоттық жобасын іске асыру, сонымен қатар, 2019 жылғы қазанда өтетін ДСҰ-ның сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімі бойынша семинар өткізу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Бұдан басқа, вице-министр отырыс қатысушыларына ОААЭЫ 2030 стратегиясының Қазақстанның түрлі салаларында сәтті жүзеге асырылуы туралы баяндады.