Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2019

«ҚазМұнайГаз» және «Equinor» бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Equinor ASA компаниясының барлау бойынша аға вице-президенті Торе Лоземен кездесті.

«ҚазМұнайГаз» және «Equinor» бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізеді

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан мен Норвегияның мұнай-газ саласындағы серіктестігінің маңызын атап өтті және келешекте ықтимал жер қойнауын пайдалану жөнінде келісімшартқа отыру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағындағы кейбір мұнай-газ учаскелерінде бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынта білдірді. Соған орай, қос компания арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік аясында бірлескен зерттеулер жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа ҚМГ Аппарат басшысы – Даму жөніндегі басқарушы директор Дастан Абдулғафаров және Equinor барлау бойынша аға вице-президенті Торе Лозе қол қойды. Келісім Қазақстан Республикасы аумағында мұнай-газ учаскелерінің көмірсутекті әлеуетін бағалау мақсатында геологиялық және геофизикалық іздестіру жұмыстарын жүргізуді көздейді.

- Келісім келешекте өзара тиімді серіктестіктің негізі болады деп сенеміз. Қос компания да Қазақстанда барлау және өндіру келісімшарттары бойынша Equinor-дың стратегиялық серіктес ретінде қатысуын қарастыруға дайын, деді А. Айдарбаев.

 

 

Маңғыстау облысы