Кездесу барысында Елбасы Абдуллах Әл-Шейхке сапармен келгені үшін және Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын атап өтті.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент Сауд Арабиясының басшылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге белсенді қолдау көрсеткенін еске салды.
– Біз Сауд Арабиясына зор құрметпен қараймыз. Тәуелсіздік алған тұста сіздің еліңіз үлкен қолдау көрсетті. Бұл біздің есімізде, - деді Елбасы.