06 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1585

267 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1585

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:39

2012 жылғы 13 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 514-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:39

2012 жылғы 13 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 514-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы №1585 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген

Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және шағын көлемдi кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
шағын көлемдi кемелерге арналған тұрақ-база (құрылыс) – шекараларында шағын көлемдi кемелер орналасатын құрылыстары және iргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

2. Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау
3. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын шағын көлемдi кемелерге техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
Техникалық қадағалауды iшкi су көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – аумақтық бөлiмшелер) жүзеге асырады.
4. Техникалық қадағалау бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргiзу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеруді жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
5. Жеке жасалған шағын көлемдi кемелер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетiлген сипаттамаларға сәйкес келмейтiн, қайта жабдықталған кемелерге теңiзде жүзу қасиетiне (жүзгiштiгi, орнықтылығы мен батпайтындығы) қосымша сынақтар жүргiзi­ледi. Куәландыру нәтижелерi шағын көлемдi кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы қорытындымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актiсiмен ресiмделедi.
6. Бастапқы техникалық куәландыру актiсiнде көрсетiлген шарттар мен нормалар шағын көлемдi кеменiң кеме кiтабына және кеме билетiне енгiзiледi. Кеме билетiнде куәландыруды жүргiзген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгi жасалады.
7. Техникалық куәландыру шағын көлемдi кеме тiркелген жердегі аумақтық бөлiмшенiң техникалық тексеру пунктiнде немесе кеме билетiн ұсына отырып, шағын көлемдi кеме тiкелей орналасқан жерде (тұрақта) жүргiзiледi.
Бұл ретте техникалық тексеру пункттерi жұмысының орны, уақыты, ұйымдастырылуы және шағын көлемдi кемелерге жыл сайын техникалық куәландыруды өткiзу кестелерi кеме иелерi мен тұрақ-база иелерiнiң назарына жеткiзiледi.
8. Техникалық куәландыру жүргiзу кезiнде шағын көлемдi кеменiң жай-күйi корпус пен қондырмалар, құрылғылар, жабдықтар мен жарақтар, өртке қарсы қорғану; механикалық орнату мен электр жабдықтары бойынша жеке, ал жеке жасалған шағын көлемдi кемелер үшiн теңiзде жүзу қасиетi бойынша анықталады.
9. Техникалық куәландыру жүргiзу кезiнде шағын көлемдi кеменiң жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйi бойынша екi баға қою арқылы анықталады: «жарамды» немесе «жарамсыз». Шағын көлемдi кеменiң жалпы техникалық жай-күйiн бағалау осы тармақта аталған элементтердiң бiрiнiң ең төменгi бағасы бойынша белгiленедi.
10. Шағын көлемдi кеме техникалық жай-күйi бойынша «жарамды» деген баға алған кезде кеме билетiне техникалық куәландыру туралы белгi жасалады.
11. Техникалық жай-күйi бойынша «жарамды» деген баға алған шағын көлемдi кеме мынадай:
1) толқын режимi бойынша;
2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;
3) қозғалтқыштың рұқсат етiлген қуаты бойынша;
4) жүк көтергiштiгi мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;
5) желкендердiң ауданы бойынша жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шектеулермен жүзуге жiберiледi.
Шағын көлемдi кеме «жарамды» деген баға алған кезде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес техникалық куәландыру актiсi жасалады, онда белгiленген шектеулер көрсетiледi.
Теңiз ауданында серуендiк кемелердi пайдалану үшiн теңiзде мынадай жүзу аудандары белгiленедi:
1) 0 – бiрiншi класты жүзу ауданы – шектеусiз, есептiк толқын биiктiгi 3% қамтамасыз етiлумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңiздерде жүзу;
2) 1 – бiрiншi класты жүзу ауданы – шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етiлген арақашықтықта, барынша рұқсат етiлген толқын биiктiгi 3% қамтамасыз етiлумен 8,5 метр болатын толқындануда теңiз аудандарында жүзу;
3) 2 – екiншi класты жүзу ауданы – шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етiлген арақашықтықта, барынша рұқсат етiлген толқын биiктiгi 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңiз аудандарында жүзу;
4) 3 – үшiншi класты жүзу ауданы — шектелген, бассейндердiң желтолқындық режимдерiне байланысты аудан және жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулердi ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етiлген 50 мильден аспауы тиiс арақашықтықты белгiлей отырып, барынша рұқсат етiлген толқын биiктiгi 3% қамтамасыз етiлумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңiз) жүзу.
12. «Жарамсыз» деген баға алған шағын көлемдi кемеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы кеменi пайдалануға тыйым салу туралы қорытындымен екi дана техникалық куәландыру актiсi жасалады, бұл ретте актінің бiр данасы кеме иесiне берiледi. Актiде көрсетiлген ескертулер жойылғаннан кейiн шағын көлемдi кеме қайталама техникалық куәландырудан өтедi.
13. Шағын көлемдi кемелердi пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етiлмейдi:
1) корпусы бойынша (жинақ пен қаптамада жарықшақтардың, ойықтардың болуы, кеме конструкциясында көзделген герметикалық бөлiктер мен ауа жәшiктерiнiң болмауы немесе герметикалығының бұзылуы);
2) руль құрылғысы бойынша (рульдiң ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуi (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегi бөлшектерiнiң (бағыттаушы блоктары, тiректi мойынтiректерi, тарту жабдықтары, штуртрос берiлiстерiнiң) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзiлуi, руль жетегiнiң бөлшек құрылымында көзделген бекiтулерiнiң (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;
3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша (бензобактерден, отын шлангiсiнен, қоректендiру жүйесiнен отынның ағуы, бiршама дiрiлдiң болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесiнiң зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында (оның өздiгiнен ерiксiз қосылуы мен ажырауы) бекiтiлмеуi, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетiлген iске қосу блоктауының зақымдануы);
4) навигациялық оттардың белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;
5) кеменiң жинақталуы мен жабдықтары кеме билетiнде көрсетiлген нормаларға сәйкес келмейдi.
Кеме билетiнiң «Ерекше белгiлер мен қосымша мәлiметтер» деген бөлiмiне кеменi пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.
14. Шағын көлемдi кемелердiң конструктивтiк ерекшелiктерiне байланысты типi мен санаты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.
Шағын көлемдi кеменiң типiн анықтау үшiн мидель бойынша оның ең үлкен енi негiз болып табылады.
Шағын көлемдi кеменiң санатын анықтау үшiн мидельдегi оның су өткiзбейтiн бортының биiктiгi (қондырма биiктiгiн есептемегенде) негiз болып табылады.
Шағын көлемдi кеменiң санаты толқын биiктiгi мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуi тиiс.
15. Шағын көлемдi кеменiң жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.
Шағын көлемдi кеменiң кестеде көрсетiлген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген пас­портта көрсетiлген жағадан алшақтықтан аспауға тиіс.
Су айдынындағы толқын биiктiгi осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

3. Шағын көлемдi кемелердi техникалық куәландыру және қарап тексеру түрлерi
16. Техникалық куәландыру:
1) бастапқы;
2) жыл сайынғы;
3) кезектен тыс болып бөлiнедi.
17. Тексерiп қарау:
1) арнайы;
2) бақылау болып бөлiнедi.
18. Бастапқы техникалық куәландыру кезiнде кеменiң техникалық құжаттамасы тексерiледi, кеменiң сыйымдылығы, оның жүк көтергiштiгi мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етiлген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша нормалар мен техникалық талаптары, желкендерiнiң рұқсат етiлген ауқымы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстiндегi борттың ең төменгі биiктiгi, кеме жүзе алатын толқын биiктiгi, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы белгiленедi, кеменiң басты өлшемдерi (ұзындығы, енi, борт биiктiгi), құрғақ борт көлемi, жүк көтергiштiгi, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемдi кеменiң санаты нақтыланады. Шағын көлемдi кеменiң орнықтылық пен суда батпау талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемдi кеменiң конструктивтiк деректерiне сәйкестiгi анықталады.
19. Жыл сайынғы техникалық куәландыру шағын көлемдi кемеге бастапқы куәландыру жүргiзiлген сәттен бастап бір жыл iшiнде жүргiзiледi.
Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезiнде кеменiң техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемдi кеменiң тiркелу деректерiнiң өзгермеуi, кеменiң негiзгi элементтерiнiң өзгермеуi, оның техникалық жай-күйi, оның жүзуге жарамдылығы, белгiленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексерiледi, пайдалану шарттары нақтыланады.
Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемдi кемелер сол жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.
Корпустың айтарлықтай тозуы немесе оның деформациясы анықталған жағдайда, кеме иесi аумақтық бөлiмше қызметкерiнiң талабы бойынша шағын көлемдi кеменi жағалауда көрсетедi.
20. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелерi бойынша кеме билетiне кезектi куәландыру мерзiмi көрсетiлген техникалық тексеру өткiзiлгенi туралы белгi қойылады немесе шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салу туралы актi жасалады.
21. Кезектен тыс куәландыру иесiнiң ауысуына немесе жүзу ауданының өзгеруiне байланысты, сондай-ақ кеме билетi жоғалғанда, кеменi қайта жабдықтау салдарынан шағын көлемдi кеменiң конструкциясы өзгерген кезде, шағын көлемді кемені қайта тiркегенде шағын көлемдi кеме иесiнiң еркiн нысандағы өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Шағын көлемдi кемеге кезектен тыс куәландыру жүргiзу нәтижесiнде жаңа кеме құжаттары берiледi. Бұл ретте кезектi жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзiмдерi сақталады.
22. Арнайы тексеру шағын көлемдi кеменің зақымдануына және жөндеудi талап етуіне әкеп соққан көлiк оқиғасынан кейiн, қуаты жоғары қозғалтқышты орнату кезiнде, жарамсыз болған кеменi есептен шығару кезiнде жүргiзiледi.
23. Бақылап тексеру кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында бiржолғы өтуге рұқсат ету үшiн және кеменi өткеннен соң тексерiп қарау үшiн кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
24. Куәландыру жүргiзiлгеннен кейiн шағын көлемдi кеменiң техникалық жай-күйi туралы және анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтiн жарақтар толықтырылғанда шағын көлемдi кеменiң жүзуіне рұқсат беру туралы, шағын көлемдi кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен, жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемдi кеменiң жүзуiне тыйым салу туралы қорытындылар шығарылады.
25. Шағын көлемдi кемелердi куәландыру иелерiнiң немесе ие өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
26. Кемелердi куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейiн екi жылда кемiнде бiр рет жүргiзiледi.

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына 1-қосымша

Шағын көлемді кемені (бастапқы, жыл сайынғы)
техникалық куәландыру
АКТІСІ

Осы актіні 20 ____ жылғы «____» ______________    _______________
(Көліктік бақылау
__________________________________________________________________ жасады.
комитеті аумақтық бөлімшесінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
Кеме иесі ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің, ұйымның атауы)
Тұрғылықты мекенжайы (ұйымның немесе жеке тұлғаның тұрған жері) және телефоны
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Куәландыруға ұсынылған кеменің типі _____________________________
моделі ____________ жасалған жылы ________ жасалған орны ______________
зауыттық № _______ корпус материалы ________ ұзындығы ____ м. ені ____ м.
борт биіктігі ____ м. су үсті бортының биіктігі ____ м. жүк көтергіштігі ____ т.
жолаушы сыйымдылығы __________ адам.
Желкендер ауданы ___________ ш. м.
Кеме жасау тәсілі ____________________________________________________
қозғалтқыш (мотор) типі мен маркасы ______________ саны ________________
қуаты _________________ зауыттық нөмірі _______________________________
Техникалық куәландыру нәтижесінде мыналар анықталды:
1. Кеменің басты өлшемдері __________________________________________
(мәлімделгенге сәйкестігі)
2. Кеме сыйымдылығы ________________т.
3. Шөгу ____________________________м.
4. Корпустың жай-күйі _______________________________________________
(жай-күйінің бағасы)
5. Рульдік құрылғы ___________________________________________________
(жай-күйінің бағасы)
6. Зәкір және арқандап байлау құрылғысы ________________________________
(болуы және жай-күйі)
7. Құтқару құралдары ____________________________________________
(атауы, саны мен жай-күйі)
8. Сигнал беру құрылғылары ______________________________________
(атауы және жай-күйі)
9. Жарақ заттарымен жинақтау ____________________________________
(талаптарға сәйкестігі)
10. Жүк көтергіштігі және жолаушы сыйымдылығы ________ тонна (адам)
11. Орнықтылығы, суда батпауы, жүзгіштігі _______________________
(жай-күйін бағалау)
12. Жүзгіштік қоры _________________________________________
(қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген)
13. Су үсті бортының ең аз биіктігі ______________________________ м.
14. Өртке қарсы жүйе ____________________________________________
(түрі және жарамдылығы)
15. Механикалық қондырғы ______________________________________
(жай-күйінің бағасы)
16. Ең жоғарғы рұқсат етілген қуаты _______________________________
(белгіленген)
17. Желкендер мен такелаждың жай-күйі _________________________
(жарамдылығы)
18. Электр жабдығы _____________________________________________
(жай-күйі)
19. Р/байланыс және р/оқшаулаудың болуы ________________________
(типі, маркасы және жай-күйі)

Қорытынды:
Куәландыру жүргізу нәтижесінде осы кеменің жай-күйі _______________
____________________________________________________________________
(жарамды, жарамсыз)
Белгіленген ауданы және жүзу жағдайы:
рұқсат етілген толқын биіктігі ________ м.
жағалаудан алшақтығы __________ м.
қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты ________ а.к.
рұқсат етілген жүк көтергіштігі _________ т.
Жүзу мерзімі _________________________________________ содан кейін __________________ облысы, қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясына техникалық тексеру үшін ұсынылуы тиіс.
Тексеру кезінде қатысқан (дар) ________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Куәландыруды жүргізді __________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
М.О.
20____ ж. «____» _____________

Шағын көлемді кемені  техникалық қадағалау  қағидаларына 2-қосымша
Р/с
№    Кеме түрі     Мотордың рұқсат етілетін қуаты
(а/күші)    Басты өлшемдер    Кеме санаты    Жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы
адам    кг
1    Ескекті қайық    -    2,0х1,1х0,4    1    1    100
2    Ескекті қайық    -    2,8х1,3х0,5    2    2    200
3    Ескекті қайық    -    3,3х1,4х0,5    2    3    300
4    Ескекті қайық    -    4,4х1,5х0,5    2    4    400
5    Ескекті қайық     -    6,0х1,6х0,6    3    6    1000
6    Моторлы қайық     15-ке дейін    3,4х1,5х0,6    2    3    300
7    Моторлы қайық     25-ке дейін    4,4х1,6х0,75    3    4    500
8    Моторлы қайық    -    6,0х1,7х0,95    3    6    800
9    Катер     40-қа дейін    6,0х1,8х0,9    3    6    800
10    Катер     50-ге дейін    8,5х2,5х1,2    3    6    1000

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына 3-қосымша
Н мин.    Жүзу жағдайы
Жағалаудан қашықтығы
(км)    Толқын биіктігі
(м)    Жел күші
(балл)
0,2    0,5     0,2 дейін    2
0,3    1,0     0,3 дейін    2
3,0     0,4 дейін    3

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидаларына 4-қосымша

h (m)            20м/с                        18м/с                        15м/с        Желдің жылдамдығы
1,4
1,3
1,2        12м/с
1,1
1,0
0,9        9м/с
0,8
0,7        7м/с
0,6
0,5        5м/с
0,4
0,3        3м/с
0,2
0,1        1 м/с
0    1    2    3    4    5    6    7    8    9    10    11    12    13    14    15        Қарқын алу ұзындығы (км)