Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019

Данагөй ілімінің даралығы

518 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«...Алғашқы кезде Абайдың «толық адамын» түсіне алмадым. Абайдың өлеңдерінде, қарасөздерінде, шығармашылығында шашылып-төгіліп жатқанын жиырма жылдай зерттей келе тани бас­тадым. Біздің студент кезімізде Әуезовті үнемі сынға алып жататын. Абайды оқығанда барып Әуезов теорияларының қайдан шыққанына көзім жетті. Көп ойдың бәрін Абайдың өзі айтып кеткен екен...»

Данагөй ілімінің даралығы

«Абай ілімі және рухани жаң­ғыру» тақырыбында М.Әуезов атын­­­дағы мұражайда өт­кен Р.Бер­ді­­баев атындағы Ха­лық уни­вер­си­теті­­нің кезек­ті дә­рі­сінде филология ғы­лым­­дары­ның док­торы, профес­сор Мекем­тас Мыр­зах­метұлы Абай­­­ды түсі­ну­дегі ізденістері ту­ралы осы­лайша баяндап берді. Ес­те­­­лік­­­­те­рін философиялық терең ойлар ар­қы­лы жеткізген ғалым Абай ілі­мін да­мы­тудың тарихымен та­­ныс­тыр­ды.

«Абайтану» тақы­­­рыбын қоз­­­ға­­­ған­­да Мекемтас Мыр­зах­­мет­ұ­лы­­­­ның есі­мі тілге ора­л­а­ды. Ал ха­­­кім Абай­дың шы­ғар­­ма­шылығы зерт­­­­тел­геніне міне 125 жылдың жүзі болыпты. Осы жылдардың 50 жыл­­­­дан ас­там кезеңі ғалымның ен­ші­­­сінде. «Абай­­ды жан-жақты зерт­теу мәс­еле­сін қаузап келе жатқан, қа­­быр­­­ға­лы ғалымдардың бірі, ру­ха­ни ақ­са­қалымыз Мекемтас аға­мыз» деген М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының ди­рек­­торы Кенжехан Матыжанов Абай­­тану ғылымының түрлі ке­зең­­дері­не тоқталды. Өркендеген ке­зеңі Мұхтар Әуезов «Абай жолы» ро­ман-эпопеясын жазып, Абайдың есі­мін әлемге танытуымен байланысты болса, Кеңес дәуірінің қу­ғын-сүргінін де бастан кешті. Тіп­тен абайтанушылардың өзі абай­тануды сан-саққа жү­гірт­ті. Алайда Мұхтар Әуезов өзі бас бо­­лып Абайдың асыл мұ­ра­сын сақ­­­тап қалды. Соны жас ұр­пақ­қа жет­кізе алды. Абайдың мұ­ра­­сы­мен су­сындаған ұрпақтың қа­та­рын бүгін­де бірнеше кезеңге бө­л­е­міз және де осы жылдарда Абай­­дың бейнесін танып, әлемдік дең­гейге көтере алдық па?» деген сауал­дарға жауап іздеп келеміз. Әри­не бұған жүрдім-бардым жауап бе­ру қиын. Ал бү­гінгі күн тәр­ті­­бі­нің құндылығы – Ел­басы мін­­дет­те­ген қоғамдық сананы жаң­ғыр­ту мә­се­лесі. «Мәдени мұ­ра», «Рухани жаң­ғы­ру» бағдар­ла­­мал­арының темір­қа­зы­­ғы ұлттық кодымызды танып, жас ұр­пақтың санасына сіңіру десек, оның алтын діңгегі – Абайды тануда жатыр», деді Кенжехан Ісләмжанұлы.

«Абайдың «толық адамы», Шә­к­әрім­нің «ар ғылымы» – ғасыр­лар бойы дамыды. Оны ешкім өз­герте алмайды... Түсіне кет­сең, Абай тереңдей береді. Абай­дың «Жан тануына» әлі де еш­кім бара қойған жоқ. Шәкәрім бі­раз дамытып кеткенімен, оған Еур­опа ғалымдары жете алмады. «Еу­ропа жанды, иманды біл­мей­ді», деген еді кезінде Мағ­жан. Иманды білмейтіні – ешнәр­сеге сенбейтіндігі. Жанның мәң­гі­лік екенін, өлмейтіндігін ұғын­ба­ды. Осы ұғымдардың қандай дана­лық­пен айтылғанын Абай ілімінен ұғына аламыз» деген ойларымен бөлісе келе профессор Мекемтас Мыр­захметұлы Ташкентке екінші жылы барғанда рухани тазаланып бардым, дейді. «Ол кезде мен «толық адамды» меңгеріп барған едім. Сырдария институтына декан, проректор болғанда өзімді таза ұстауға тырыстым. Сол кезде барып Абайда адамды тазартудың құдіреті бар екеніне көз жеткізе түстім. Мені Абайдың ілімі тазалады. Сондықтан да біз өсіп келе жатқан ұрпақты Абай ілімі арқылы тазалауымыз керек. Халқымыздың жас өскініне рухани азық берсек, кереғарлықтан арылатынымыз анық. Балаларға арнаған сабағымды үнемі Абай­дың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәр­се­ден қашық бол» деге­нінен бас­тап, «Өсек, өтірік, мақ­тан­шақ, еріншек, бекер мал шаш­пақ» бар ма араларыңда» деген сұ­ра­ғым­ды қойып отырамын. Осы арқылы жастарды «толық адам­ға» алып келеміз. Әрине оны бір­­ден қабылдау қиын. Дегенмен де, оны күрделендірмей, тез қа­был­дау үшін оның белгілі бір жүйе­сін жасадық. Кітабы жазылып, Нұр-Сұлтанда Абай мектебі ашылды. Президент Қасым-Жомарт Кемел­ұлы мақаламды оқып, осы орай­дағы жақсы пікірін білдірді. Ендігі кез­десуімізде Абайды қалай алып шығатынымызды талқылайтын боламыз», деген қарт ғалым Абай, Әуезов мазмұнындағы сұрақ­тар­ға жауап беріп, Абайды дәріп­теп, да­на­лығы мен парасатын бү­­­кіл әлем әдебиетіндегі асыл мұ­ра­­­мыз­ға айналдыра алсақ, Абай ілі­мінің ұлт­тық рухымызды асқақ­тат­қаны болар еді деген ойларымен кездесуді аяқтады.

 

АЛМАТЫ