Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1587
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:41
2012 жылғы 13 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 766-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруге алым Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алынады.»;
Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:41
2012 жылғы 13 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 766-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруге алым Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алынады.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Кеме куәлігін берумен куәландырылады, ол кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Кемені Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне енгізу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік берумен куәландырылады.»;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаға сәйкес кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтiнiш берушiнiң талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша растама берiледi;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілген қайшылықтар мен мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін басқа да негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне жазулар енгiзу;»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шетел кемелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімін алу үшін уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:»;
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Кемелерді және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде, жалға берілген шетел кемелері тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде оларға тиісті тіркеу нөмірлерін бере отырып, осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Егер оқиға немесе басқа себептермен кеме бұрын Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін кемені коммерциялық мақсаттарда пайдалану кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.»;
29-тармақ алынып тасталсын;
30, 31, 32, 33, 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берілген шетел кемесінің ипотекасы Заңның 24-бабы 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмейді.
31. Кеме ипотекасы кемеге меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде тіркеледі.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтініште мыналар көрсетіледі:
1) кемені сәйкестендіретін (кеменің атауы, тіркеу нөмірі, тіркеу орны, тіркелім нөмірі, типі және класы, кеме тоннажы);
2) ипотека кепіл берушінің аты мен мекенжайы;
3) ипотеканың кепіл ұстаушысының аты және мекенжайы немесе оның ұсынушыға белгіленгені туралы мәліметтер;
4) ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ең жоғарғы мөлшері ипотека әрбір кемемен жекеше ол туралы тараптардың келісімі болса екі немесе одан көп кемелер көлемін белгілеу кезінде;
5) кеме ипотекасының аяқталу күні.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке осындай шартта көрсетілгендермен кеменің ипотекасы туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
Кеменің ипотекасы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күні тіркеледі.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 19-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
32. Кеменің ипотекасын мемлекетік тіркеу туралы мәліметтер кіріс құжаттарын есепке алу кітабына және осы кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде ол туралы кеме құжаттарына қандай да бір жазбалар енгізу талап етілмейді.
33. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуімен өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде куәландырылады.
34. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кеме ипотекасы шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтарды қоса беру жолымен осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес мерзімде жүзеге асырылады.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісім нөмірі және жасалған күні, сондай-ақ кеме ипотекасы туралы шартқа енгізіліген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан кезде, егер борышкер кеме ипотекасының шарты бойынша кепілзат беруші болып табылмаса, Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері көрсетілуі, сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қолы болуы тиіс.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кеменің ипотекасы туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде береді.
Өтінішке кеменің ипотекасы туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесіне осындай қосымша келісімде көрсетілген құжаттар көрсетілген қосымша келісім қоса беріледі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені жалдау шарты бойынша шетелдік жалға алушыға беру кезінде пайдалануға және иеленуге мұндай кеме уәкілетті органның шешімі негізінде шет мемлекеттің туын көтеруге уақытша ауыстырылады.»;
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Кемені шет мемлекеттiң туын уақытша көтеруге көшiру туралы шешiмдi кеме иесiнiң немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кеменi мемлекеттiк тiркеу орны бойынша аумақтық бөлімшенің атына жiберiлген өтiнiшi негiзiнде уәкілетті орган қабылдайды:»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Осы Қағиданың 46-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесінің консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Уақытша куәлiк бергенi туралы әрбiр жазба тiркеу нөмiрiмен сәйкестендiрiледi. Мұндай нөмiр құжаттарды қабылдаған кезде берiледi және қабылдаған құжаттардың кiрiс нөмiрiне сәйкес келедi. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі уақытша куәлiк бередi. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі берiлген уақытша куәлiк туралы он жұмыс күні iшiнде уәкілетті органға уақытша куәлiктiң көшiрмесiн қоса бере отырып, хабар жiбередi.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, Жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiн жүргiзудi аумақтық бөлімшелер қағаз және электронды тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
Осы тiзiлiмдердің нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
54, 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеме тiркелген аумақтық бөлімше өз мүдделерiн қорғауға тиiстi шаралар қолдануы үшiн кепiл ұстаушыға кеменiң осы тiзiлiмнен алдағы уақытта шығарылатыны туралы хабарлама жiбередi. Олардың келiсiмi алынбаған кезде кеме кепiл ұстаушыға хабардар еткеннен кейiн үш ай өткен соң осы тiзiлiмнен шығарылады.
55. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау, егер барлық тіркелген кеме ипотекасы алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепіл берушіден жазбаша келісім алынған жағдайда ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органы шетелдік азаматқа немесе шетелдік заңды тұлғаға кемені мәжбүрлі түрде сатқан кезде Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару көрсетілген орган кеменің сатылғанын және сатып алушының өзіне қабылдап алғандарынан басқаларынан қоспағанда, ешқандай ипотекамен ауыртпалық алмағанын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде жүргізіледі.
Осы Қағиданың 50, 51, 52-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемені тиісті тізілімнен шығару өтініш берген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Аумақтық бөлімше тиісті тізілімнен шығарылу туралы жазба енгізеді және Кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығарылғаны туралы куәлікті осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес береді.»;
77, 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
78. Шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеуді ресімдеу үшін аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш осы Қағиданың 65-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, ұсынылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін шағын көлемді кемені коммерциялық мақсаттарға да пайдалану шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.»;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаға 5, 6 және 8-қосымшалар осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1587 қаулысына 1-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 5-қосымша
Сериясы / Серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
КЕМЕHIҢ ИПОТЕКАСЫН МЕМЛЕКЕТТIК
ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ГОСУДАРСТВЕННОЙ РЕГИСТРАЦИИ ИПОТЕКИ СУДНА
20 ___ жылғы «____» ___________ № _________
год
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне 20 ___ жылғы «___» ________ № ______ енгiзiлген деректер негiзiнде осы арқылы ________________________
(кеменің атауы) кемесінiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу куәландырылады.
На основании данных, внесенных в Государственный судовой реестр под № ______ от «____» __________ 20 ___ г., настоящим удостоверяется государственная регистрация ипотеки судна _________________________
(наименование судна)
Кеменiң ипотекасы мәнінің сипаттамасы
Описание предмета ипотеки судна ___________________________________________________
(кеменiң ипотекасы шартының деректемелерi)
(реквизиты договора ипотеки судна)
___________________________________________________________________________________
Кепіл беруші
Залогодатель ______________________________________________________________________
(басқару органының атауы, орналасқан жерi, мекенжайы (заңды тұлғалар үшін); тегi, аты
(наименование, местонахождение, адрес органа, управления (для юридических лиц); фамилия,
_______________________________________________________________________________
әкесiнiң аты, азаматтығы, толық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ телефон, факс,
имя, отчество, гражданство, полный адрес (для физических лиц), а также телефон,факс, телекс,
__________________________________________________________________________________
телекс, электрондық почта)
электронная почта)
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Кепіл ұстаушы
Залогодержатель ___________________________________________________________________
(басқару органының атауы, орналасқан жері, мекенжайы (заңды тұлғалар үшін);
(наименование, местонахождение, адрес органа, управления (для юридических лиц);
___________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесiнiң аты, азаматтығы, толық мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн),
фамилия, имя, отчество, гражданство, полный адрес (для физических лиц), а также
___________________________________________________________________________________
сондай-ақ телефон, факс, телекс, электрондық пошта)
телефон, факс, телекс, электронная почта)
__________________________________________________________________________________
Кеме ипотекасымен қамтамасыз етілген мiндеттеменің ең көп мөлшерi
Максимальный размер обязательства, обеспеченный ипотекой судна
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Кеме ипотекасының аяқталу күні
Дата окончания ипотеки судна __________________________________________
Ерекше белгiлер
Особые отметки _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Кеме туралы мәлiметтер
Сведения о судне __________________
1. Кеменiң үлгiсi және мақсаты
Тип и назначение судна _____________________________________________________________
2. Тіркеу орны
Место регистрации _________________________________________________________________
3. Жасалған орны мен уақыты
Место и время постройки ___________________________________________________________
4. Басты мөлшерлер:
Главные размеры:
Ұзындығы Ені Бортының биіктігі
Длина _____________________ Ширина ______________ Высота борта ___________________
5. Сыйымдылығы Жалпы Таза
Вместимость: _______________________ Валовая __________________ Чистая ____________
Осы Куәлік кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгендігін куәландырады.
Настоящее Свидетельство удостоверяет государственную регистрацию ипотеки судна.
Осы куәлікті Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді ______________________
Настоящее свидетельство выдано территориальным органом Комитета транспортного контроля
20_____ж./г. «_______»_____________________________
(күні / дата) (айы / месяц)
М.О.
М.П. Көліктік бақылау комитеті
_______________ ____________________________ аумақтық органының басшысы /
(қолы / подпись) (аты-жөні / Ф.И.О) Руководитель территориального органа
Комитета транспортного контроля
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы №1587 қаулысына 2-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 6-қосымша
Сериясы / Серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
КЕМЕHIҢ ИПОТЕКАСЫН
МЕМЛЕКЕТТIК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛIККЕ ҚОСЫМША ПАРАҚ
ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ЛИСТ
К СВИДЕТЕЛЬСТВУ О ГОСУДАРСТВЕННОЙ РЕГИСТРАЦИИ
ИПОТЕКИ СУДНА
20 ___ жылғы/год «____» ___________ № _________
Қосымша парақ Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке берілді.
Дополнительный лист выдано к Свидетельству о государственной регистрации ипотеки судна
Кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің нөмірі: _____________________
Номер дополнительного соглашения к договору об ипотеке судна
Кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісім жасалған күні: _____________________
Дата заключения дополнительного соглашения к договору об ипотеке судна
№ _________ Кеме ипотекасы туралы шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні:
Сущность внесенных изменений и (или) дополнений в договор об ипотеке судна
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Егер, кеме ипотекасы туралы шарт бойынша борышкер кепіл беруші болып табылмаса кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан кезде:
При смене залогодателя и (или) должника, если должник по договору об ипотеке судна не является залогодателем:
Жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің атауы: __________________________
Наименование нового залогодателя и (или) должника
Жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің мекенжайы: _____________________
Местожительство нового залогодателя и (или) должника
Жаңа кепіл берушінің қолы: _______________________
Подпись нового залогодателя:
Осы куәлікке қосымша парақты Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді
Настоящий дополнительный лист к свидетельству выдан территориальным органом Комитета транспортного контроля __________________________________________________________________
20_____ж./г. «_______»_____________________________
(күні / дата) (айы / месяц)
М.О.
М.П. Көліктік бақылау комитеті
______________ _______________________________ аумақтық органының басшысы /
(қолы / подпись) (аты-жөні / Ф.И.О) Руководитель территориального органа
Комитета транспортного контроля
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы №1587 қаулысына 3-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 8-қосымша
Сериясы / Серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
КЕМЕНI МЕМЛЕКЕТТIК КЕМЕ ТIЗIЛIМIНЕН
ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
СВИДЕТЕЛЬСТВО
ОБ ИСКЛЮЧЕНИИ СУДНА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО СУДОВОГО РЕЕСТРА
Осы арқылы кеменiң
Настоящим подтверждается, что судно
1. Атауы
Название_________________________________________________________________________
2. Мемлекеттік тіркеу орны
Место государственной регистрации__________________________________________________
3. Тiркеу нөмiрi
Регистрационный номер_____________________________________________________________
4. Мемлекеттік тiркелген күнi
Дата государственной регистрации____________________________________________________
5. Кеменің үлгісі
Тип судна ________________________________________________________________________
6. Жасалған орны мен уақыты
Место и время постройки____________________________________________________________
7. Ұзындығы
Длина ___________________________________________________________________________
8. Ені
Ширина __________________________________________________________________________
9. Биіктігі
Высота ___________________________________________________________________________
10. Меншік иесі және оның мекенжайы
Собственник и его адрес ____________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
барлық тіркелген құқықтары мен ауыртпалықтары тоқтатыла отырып, Мемлекеттік кеме тізілімінен шығарылғандығы расталады.
исключено из Государственного судового реестра с прекращением всех зарегистрированных прав и обременений.
Осы куәлікті Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді _________________________
Настоящее свидетельство выдано территориальным органом Комитета транспортного контроля
20_____ж./г. «__________»_____________________________
(күні / дата) (айы / месяц)
М.О.
М.П. Көліктік бақылау комитеті
______________ ___________________________ аумақтық органының басшысы /
(қолы / подпись) (аты-жөні / Ф.И.О) Руководитель территориального органа
Комитета транспортного контроля