Спорт • 25 Қыркүйек, 2019

Алматыда дзюдодан кадеттер арасындағы әлем біріншілігі басталды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан байрақты бәсеке барысында 71 мемлекеттен келген 483 балғын балуандар бақ сынауда.

Алматыда дзюдодан кадеттер арасындағы әлем біріншілігі басталды

Айтулы жарыстың бағдарламасы мынадай:

25 қыркүйек

Қыздар – 40 кило, 44 кило. Ұлдар – 50 кило, 55 кило.

 

26 қыркүйек

Қыздар – 48 кило, 52 кило. Ұлдар – 60 кило, 66 кило.

 

27 қыркүйек

Қыздар – 57 кило, 63 кило. Ұлдар – 73 кило, 81 кило

 

28 қыркүйек

Қыздар – 70 кило, +70 кило. Ұлдар – 90 кило, +90 кило

 

Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша бастапқы бәсекелер жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де басталса, финалдық сайыстар 16:00-де тамашалай аласыздар. 29 қыркүйекете аралас командалық бәсекелер өтеді.