«Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ. әкімінің бақылауында», деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамауға алынды.