Әлем • 25 Қыркүйек, 2019

Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті

457 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Отандастар қоры» КЕАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырды. Бұл туралы «Отандастар қорының» баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұлыбританияда тұратын отандастардың қатысуымен бизнес-форум өтті

Бұл – шетелде тұратын отандастармен байланыс орнату және нығайту бойынша Қор бағдарламасы сериясындағы төртінші бизнес-форум. Іс-шараның негізгі мақсаты – Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату.

Форумға Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасының орынбасары Жәнібек Лесбеков, Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің бас менеджері Анас Баққожаев, «Crimson Field» ЖШС директоры Талғат Ахметжанов, «Kazakhstan Phd Association» президенті Алия Сембаева және қазақ диаспора өкілдері мен Ұлыбританияда оқып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.

Қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов жиынға қатысушыларды Қор және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының қызметімен, шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі қордың негізгі жобаларының бірі – әлем бойынша қазақ мәдени - іскерлік үйі желісін құру жөніндегі жоспарымен таныстырды.

Орталық кеңсесі Нұр-Сұлтанда орналасқан Қазақ мәдени-іскерлік үйі ресми өкілі ретінде шет елдерде тұратын этникалық қазақтар тартылатын іскерлік үйлері мен мәдени орталықтар желісін құрады. Олар қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық брендтерін дәріптейді және тілді сақтайды. Сондай-ақ қазақстандық экспортты, өнімдерді тартуға атсалысады. Бизнес-келісімшарттар жасауға қатысады, серіктестерді, тың бизнес идеялар мен инновациялық стартаптарды іздейді. Израиль, Армения тәрізді елдерде мәдениетті ілгерілету мен бизнесті дамытуда кеңінен қолданылған бұл ұстаным –диаспора өкілінің білім-білігі мен тұратын елінің тұтыныс қажеттілігі жайлы түсінігін дұрыс бағытта пайдалану нақты жемісін берген.

Форум қатысушылары стартаптар, бизнес-бастамалар, қолда бар жобалар туралы айтып, спикерлерге сұрақтар қойып, бизнес жоспарлар мен бастамаларды Қазақстанда да, халықаралық нарықта да ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ Лондонда Астана Опера, Астана Балет, Құрманғазы оркестрі сияқты мәдени және ұлттық брендтерді ілгерілету, диаспора арасында тілді сақтау, сондай-ақ «Абай» мәдени орталығын құру мәселелері қозғалды.

Айта кетейік, Лондондағы Бизнес-форум Мюнхен, Сан-Франциско, Стамбул және Ташкент қалаларындағы кездесулерден кейін бесінші болды. Түрлі елдерде тұратын отандастармен барлық осындай кездесулер 8 (ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркия және Ресей) жоспарланған, келесі Бизнес-форум 2019 жылдың қазан айында Стокгольм қаласында (Швеция) өтеді.

Алдағы форумдар туралы барлық ақпарат Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми беттерінде қолжетімді. Бұдан басқа, алдағы бизнес-форумдардың егжей-тегжейін отандастарымыздың сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып білуге болады:

1404

8 800 080 1404

+7 (7172) 98 14 04

сондай-ақ Whatsapp және Telegram мессенджерлерде (қоңыраулар қабылданады) нөмірі бойынша

+7 701 000 1404