Саясат • 25 Қыркүйек, 2019

Дариға Назарбаева Қазақстан мен Бахрейн арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды

159 реткөрсетілді

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Бахрейн Корольдігі Ұлттық Жиналысы Депутаттар палатасының Төрағасы Фаузия Абдулла Юсуф Зейналмен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Дариға Назарбаева Қазақстан Бахрейнді дос және маңызды әріптес ретінде қарастырады және Корольдікпен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға басымдық беретінін атап өтті.

«Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланыстарды дамытуға үлес қосады деп үміт артамын. Парламенттік дипломатияға сенім зор», - деді Д.Назарбаева.

Фаузия Абдулла Юсуф Зейнал Сенат басшысының сөзіне қолдау білдірді және Қазақстан мен Бахрейннің терроризммен күрес және жанжалдарды бейбіт үнқатысу арқылы шешу сияқты аса маңызды бағыттар бойынша ұстанымдары өте жақын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тікелей әуе қатынасы мен визасыз тәртіп мәселесін шешуге үміттенетінін жеткізді.

Дариға Назарбаева өз кезегінде осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру үшін екі елдің туристік агенттіктері қызметін үйлестіруді ұсынды. Сенат басшысы Қазақстанда көптеген тарихи және көркем жерлер бар екенін және туристік инфрақұрылым дамып келе жатқанын айта келіп, біздің еліміздің туризм әлеуетіне ерекше тоқталды.

Фаузия Абдулла Юсуф Зейнал біздің еліміздің әдемілігі мен ерекшелігін айта келіп, ең басты сұлулық – осында тұратын адамдар екенін атап өтті.

Бахрейн Корольдігі Ұлттық Жиналысының Депутаттар палатасының Төрағасы қысқа мерзім ішінде салынған және инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы толыққанды қалаға айналған астананың келбетіне таңданысын білдірді.

«Сіздердің Тұңғыш Президентіңіз шын мәнінде көреген және батыл тұлға екенін атап өткім келеді, себебі бұл оның арманы еді, қайсарлығы мен күш-жігерінің арқасында осы арманды жүзеге асырды. Сіздің халқыңыз – еркін өмір сүруді аңсайтын халық. Бұл ішкі деңгейдегі қана емес, әлемдік аренадағы теңдесі жоқ жеңіс», - деді ол.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар