06 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1598

275 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1598

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:52

2012 жылғы 14 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:52

2012 жылғы 14 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.


3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №1529 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №8, 156-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1598 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
р/с
№    Біліктілік талаптары:    Құжаттар    Ескертпе
1    2    3    4
1    Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген мемлекеттік рәміздерді дайындау процесін регламенттейтін техникалық құжаттамалар (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама)    Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама, технологиялық процесс туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
2    Жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы    Жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
3    Пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы    Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
4    Мемлекеттік рәміздерді дайындаудың технологиялық процесіне байланысты, лицензияланатын қызмет саласында тиісті біліктілігі және білім деңгейі бар персоналдың болуы    Оқу орнының атауын, мамандығы мен біліктілігін, дипломның берілген күні мен нөмірін, орнын, сондай-ақ куәлікті, сертификатты берген ұйымның атауын, нөмірі мен күнін көрсете отырып, ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар:
стандарттың атауы______________________
стандарттың нөмірі______________________

2. Техникалық құжаттаманың болуы:
1) техникалық тапсырманың атауы___________
техникалық тапсырманың қабылданған күні______________
келісілді_____________
бекітілді_____________
2) Техникалық шарттардың атауы______________
келісілді_____________
бекітілді_____________

3. Өндірістік техникалық база:
өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату/жалға алу келісімшартының
нөмірі______________
жасалған күні______________
кіммен жасалды (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның атауы)__________
технологиялық жабдықтың атауы_______________
өлшеу және бақылау құралдарының атауы________________
түстер атласының болуы бар/жоқ_______________

4. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар:
салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың берілген күні______________
сертификатты берген органның атауы__________
сертификаттың қолдану мерзімі_______________

5. Персонал:
тегі, аты, әкесінің аты_________________
мамандығының және біліктілігінің атауы_______________
дипломның/аттестаттың нөмірі_______________
дипломның/аттестаттың берілген күні____________
дипломды/аттестатты берген оқу орнының атауы_____________
сертификаттың/куәліктің нөмірі______________
сертификаттың/куәліктің берілген күні________________
сертификатты/куәлікті берген ұйымның атауы_____________