Руханият • 26 Қыркүйек, 2019

Табиғи тасқа қашалған

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Табиғи тасқа қашалған

Ұлы Абай мен Қар­қа­ралы – егіз ұғым. Қарқаралы қаласында Абай тоқтаған үй бар. Қарқаралының татар көпесі Халиолла Бекметов салған бұл көк­төбел ағаш үй ұлы ой­шылдың ұлағатты өмі­рі­нен сыр шерткен тарихи жәдігер ретінде бүгінде көп­ші­лік­тің тәу етер кие­лі орнына айналған. Бұл үйдің Абай ұлағатын пір тұтқан ұрпақтарға шын мәнінде қасиетті орын екендігін көктөбел үйдің маңдайшасына жа­зылған: «Бұл үйде 1850 жылы ұлы ақын-ағартушы Абай Құ­нан­баев бол­ған» деген айшықты жазулар паш етіп тұр. Қазір бұл ғимаратта аудандық мә­де­ниет бөлімінің кеңсе­сі орналасқан.

Жақында осы Абай бабамыз тоқтаған үйдің алдында Қарқаралы тау­ла­­рының табиғи тасы­на қашалып салынған Абай бейнесі бой кө­тер­ді. Тастың биіктігі 350 сантиметрден асады. Сурет авторлары: Қар­қаралы ауданының мем­лекеттік архивінің бас­шысы Ма­нар­бек Кәрім мен оның баласы – Қарқаралы қаласы, А.Жәутіков атын­­да­ғы қазақ орта мек­те­­бі­нің 11 сынып оқу­шы­­­сы Ерасыл Кәрім. Халық арасынан шық­қан қарапайым шебер­лер ұлы ойшылдың бейнесін ерекше ыжда­ғат­тылықпен дәл өрнек­теген.

Аталған тас ескерт­­­кіш­­­ті аудан, қала жұрт­­­­­шы­лы­ғымен қатар, Абай ата­мыз­дың Семей­ден арнайы келген туыс­тары да тамашалады. Тас ескерт­кіш қазірдің өзінде қала қонақтары арнайы барып суретке түсетін, ұлы ақынның рухына тәу ететін рухани орынға айналды.

Суретте: табиғи тасқа қашалған Абай бейнесі және авторлар.