Спорт • 26 Қыркүйек, 2019

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери үшсайыстың чемпиондары анықталды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында әскери үшсайыстан Қарулы Күштердің чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның барлық аймағынан 17 әскери қызметші құрамасы қатысты. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен капитан Р.Игисинов хабарлады.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери үшсайыстың чемпиондары анықталды

 

Жарыстың бірінші күнінде жекелеген және командалық есептің біріншілігінде қызу тартыс басталды. Әскери спортшылар гранатаны қашықтыққа лақтырудан сайысқа түсіп, ату жаттығуларын орындады. Жалпыәскери жаттығулар кешенінде 400 метр қашықтыққа жүгіруден кедергілер жолағын өткерді.

Сайыстың қорытындысы бойынша алтын медаль – «Батыс» өңірлік қолбасшылығына, күміс жүлде – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне табыс етілсе, ал Құрлық Әскерлері Әскери институты үштіктің қатарынан көрінді.

Жекелеген есепте Қарулы Күштер чемпионы атағы 3662 ұпай көрсеткішпен ефрейтор Нұржан Скендірге берілді. Ол сайыста 600 грамм салмақты гранатаны 74 метр қашықтыққа лақтырды. Бұл чемпионаттың барысындағы рекордтық көрсеткіш болды. Сондай-ақ жарысқа қатысушы басқа тоғыз әскери қызметшімен бірге «әскери спорттық үшсайыстың шебері» бойынша норматив орындады.

Бұл жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты - әскери қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жеңіске деген ұмтылыс пен жоғары нәтижеге қол жеткізу сынды маңызды қасиеттерді дамыту, әскери қызметшілердің дене даярлығын жетілдіру.

 

 

Маңғыстау облысы