Сонымен қатар кездесуде әдебиеттің, театр мен киноның өскелең жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі және шығармашылықтың қаланың мәдени және рухани өміріндегі ерекше орны туралы сөз болды.
Еске салсақ, бұрындары Жазушылар одағында Бақытжан Сағынтаев қолдау шаралары туралы айтқан еді. Оның тапсырмасы бойынша Жазушылар үйі жөнделеді, қалыптасқан және жас жазушылар үшін арнайы гранттар бекітілетін болады.
Қала әкімінің бастамасы бойынша әдеби байқау, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында үздік сценарий конкурсы ұйымдастырылады. Жеңімпаздар өздерінің шығармашылық идеяларын қала театрларының сахналарында көрсете алады. Бұлардан өзге, аудандарда жастар демалысының орталығына айналатын жаңа форматтағы кітапханалар ашылады.
АЛМАТЫ