Зерттеу нәтижелері 4 қыркүйекте “Proceedings of the Royal Society B” журналында “Early integration of pastoralism and millet cultivation in Bronze Age Eurasia” ғылыми мақаласында жарияланды.
Зерттеуде оңтүстік-шығыс Қазақстанның Жоңғар тауларындағы жерде жуырда ашылған ерте қола дәуіріндегі б.д.д. 2700 ж. қолға үйретілген қойлар мен ешкілердің сүйектерін сәйкестендіру үшін ежелгі ДНК пайдаланылды. Тұрақты изотоптарды талдау Орталық Азияда қыстың қаттылығына шыдауға көмектесу үшін жануарларды тарымен азықтандырғанын көрсетті.
– Тары тез өседі және жергілікті таулар мен дала ойпаттарының өсімдіктерімен салыстырғанда, оның көміртегінің айқын изотоптық құрамы бар. Біз жануарлардың тарыны ерте Қола дәуірінен Темір дәуіріне дейін тұтынғанын нақты анықтай алдық, – деді Др. Тейлор Хермес, Киль университетінің постдокторлық зерттеушісі және зерттеудің жетекші авторы.
Орталық Азияда қойлар мен ешкілерді қолға үйрету үшін осындай ерте кезеңде оларды тарымен асырау мал шаруашылығының, шошқа бағудың да, тары егудің Қытай қауымынан әрі қарай батысқа дейін таралуы үшін маңызы зор деп болжауға мүмкіндік береді. Др. Гермес мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы арасындағы ерекше байланысты атап көрсетеді.
Жоңғар тауларында (Қазақстан) мал шаруашылығымен айналысатын Бегаш және Тасбас атты екі шағын елді мекенде адам жерлеу орындарын зерттегенде команда қолдан жасалған дақылдар бастапқыда Орталық Азияға негізгі азық-түлік ретінде емес, тауар ретінде таралғаны туралы гипотезаны ұсынды. Адам кремацияланған табыттарында бидайдың, тарының және арпаның көмір басқан дақылдары (б. з. д. шамамен 2500-2200 жж.) адамдар Орталық Азия арқылы дәнді дақылдармен алмасқанының ең ерте берілген дәлелі болып табылады.
– Өсімдік шаруашылығының жергілікті мал шаруашылығына қосқан үлкен үлесі Тасбас пен Бегашта тұратын адамдар дәнді дақылдардың элементтерін өздерінің салт-дәстүрлерінде қосуды ұйғарғанының себебі болуы мүмкін. Олардың қабірлерінде бидай мен арпаның тарымен бірге табылуы осы таулы өңірдегі басқа да мәдениеттердің рөлі туралы ойлануға мәжбүрлейді, – деді Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің антропология кафедрасының меңгерушісі Паула Дюпюй.
Ауыл тұрғындары тарыны тамақ ретінде жейтініне дәлел аз болмаса да, ғалымдар өз зерттеулерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын негізінен мал азығы үшін өсірді деп болжайды. Жануарлардың рационында тары тұтыну көшпелі өмір салтының әлеуметтік және экологиялық жағдайларының өзгеруіне байланысты ауыспалы болған.
– Енді біз тарыға жай ғана салт деп қарамай, одан да жете мән берілгенін білеміз. Тары табынды аман-сау ұстау үшін және мал өсірушінің өмірін үшін де құнды өнім болды, – деді Гермес.
Ғалымдар өз мақаласында археологиялық қазбалар мен мұражай коллекцияларының нәтижелеріне сүйенген. Зерттеу Майкл Фрачеттидің жетекшілігімен Вашингтон университеті мен Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының арасындағы көпжылдық ғылыми әріптестік аясындағы жүргізілді. Зерттеуге сондай-ақ, Киль университетінің Шерил Макаревич жетекшілігімен еуропалық зерттеу кеңесі қаржыландыратын “ASIAPAST” атты жобамен қолдау көрсетілді.