Мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін талқылауға Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, «ЭксонМобил Апстрим Ойл энд Газ» аға вице-президенті Том Шуслер, «Эни СпА» бас директоры Алессандро Пулити және басқа да әлемдік сарапшылар мен мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Пікір алмасу барысында дүниежүзі бойынша мұнайды шамадан тыс пайдалану, алдағы уақыттағы мұнай сұранысы мен ұсыныс географиясының өзгеруі, жаңа энергетикалық ахуал және оның еліміздегі отын-энергетикалық кешеніне ықпалы, мұнай бағасы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланды.
- Бүгінгі шарада «ҚазМұнайГаз» компаниясы үшін өзекті сұрақтар мен түйіткілді мәселелер көтерілді. Оның ішінде мұнай бағасы, әлемдік энергетика нарықтарындағы тұрақсыздық. Жалпы, қазіргі кездегі 60-70 доллар шамасындағы мұнай бағасы «ҚазМұнайГаз» үшін қолайлы болып табылатынын атап өткім келеді, - деді А.Айдарбаев.
Маңғыстау облысы