Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019

Фронт-кеңсе сот жұмысын жеңілдетпек

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарының заңдық кеңес алуын барынша жеңілдету мақсатында Шымкент қалалық соты ғимаратында «Кедергісіз» құқықтық көмек беретін фронт-кеңсесі ашылды.

Фронт-кеңсе сот жұмысын жеңілдетпек

Жаңа кеңсенің ашылу рә­сі­­мі­не қа­лалық соттың тө­ра­ға­сы Ербол Рахым­бе­ков, сот жүйе­сінің ардагерлері, қала­лық, аудан­­дық және оған теңес­ті­ріл­ген сот­тар­дың судьялары, сот маман­дары, прокурорлар және медиа­торлар қатысты.

«Фронт-кеңсенің негізгі жұмы­сы – соттың ашықтығын қам­тама­сыз етіп, қала тұрғын­да­­рының сот тө­релігін жедел жүзеге асыру. Мұн­да арызданған азаматтар уақытын жоғалтпай, нәтижелі ақпарат алуға бар­­лық мүм­кіндік жасалған», дей­ді Сот­тар әкімшісінің басшысы Нұр­сұлтан Байтілесов.

Фронт-кеңседе прокурор, медиатор және адво­каттар қыз­мет көрсететін, ақпарат­тан­дыру және татуластыру бөлмелері бар. Сонымен қатар өз өзіне қызмет көрсету бөлмесімен қатар балаларға арналған бұ­рыштар бар. Кеңсенің кіре­бе­рісіндегі ақпараттандыру орта­лығында тұр­ғындар кеңес беруші қыз­мет­кер­лердің көме­гіне жүгіне алады. Кеңсе құқық­тық қызметтерге қол жеткізу мақ­сатында заманауи техникалар және жайлы жиһаздармен жабдықталған.

 

ШЫМКЕНТ