Қарағандының қайта жаңғыртылып жатқан темір жол вокзалы ала жаздай әңгіме болды. Облыс, қала басшылығы дүркін-дүркін құрылыс басына барып, мердігер компанияның жұмысын жіті қадағалап жүрді. Жолаушыларды айтпағанда, қала тұрғындары да жаз бойы жабық болған вокзалдың құрылысы қашан бітеді, қалай болып шығар екен деп асыға күтті. Өйтпегенде ше, вокзал деген кез келген қаланың, елді мекеннің бет-бейнесі, әспеті емес пе?!

Жалпы, Қарағанды теміржол вокзалы жоспар бойынша жылдың соңына таман толықтай ашылуы тиіс болатын. Тапсырыс берушілер мен мердігерлер керуен сарай қайта жаңартылғаннан кейін сән-салтанаты бойынша еліміздегі ең үздік вокзалдардың бірі болады деп сендірген. Мысалы, ғимаратты әрлеу жұмыстарына заманауи материалдар, атап айтқанда, табиғи тасқа ұқсастығы өте жақын травертин қолданылды. Вокзалдың үш қабатты жаңа бөлігінде кассалар, күту залдары, медпункт, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, фудкорттар мен сауда дүңгіршектері орналасты. Жолаушылар перронға үсті жабық жер үсті өткелдері бойынша түсетін болады. Құрылысшылар жылу және электрмен қамтамасыз ету желілерін толықтай ауыстырды. Ішкі климат-бақылау және еденді жылыту жүйелері орнатылған. Сондай-ақ керуен сарайдың жолаушылар өткізу қабілеті 2,5 есе артады деп жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда, вокзалдың келушілер үшін ыңғайлы, қауіпсіз әрі кең болуы басты мақсат етіп қойылған.
Міне, осындай ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанда қоғамның қырағы көз өкілдері біреуге майда-шүйде, ал біреуге аса маңызды кемшілікті байқап қалды. Ол – жаңғыртылған вокзалдың қасбетіне қатысты әңгіме еді.
Осыдан бір айдай бұрын «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды магистральдік желі бөлімі» вокзалдық шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары Өміртай Шериязданов жаңартудан кейін ғимарат тарихи архитектуралық келбетін жоғалтпайтын болады, вокзал қасбетінің стилі өзгеріске ұшырамайды, ал ғимарат ішіндегі бірегей өрнектелген жапсырмалар сақтаулы күйінде қалады деп уәде берген еді. Алайда жаңарған, жасарған вокзалдың қасбеті жауапты қызметкер айтқандай және жұрт күткендегідей болмай шықты. Қасбеттің тарихи келбетінен айырылып, қарадүрсін болып шыққанына шыдай алмаған біраз жұрт әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіріп, айқай-шу көтерді.
Бұл әңгіме облыстың жаңадан тағайындалған әкімі Жеңіс Қасымбекке де жетті. Ал өңір басшысы болса, темір жол вокзалын қайта жаңғырту кезінде туындаған мәселені шешу керек деп санайды.
– Тұрғындарды нысанның сыртқы келбеті қызықтырады – бұл қаланың көрікті жерлерінің бірі болған. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басшылығымен сөйлестік. Жоба бойынша вокзалдың өткізу қабілетінің артуына байланысты ғимараттың ауданы кеңейтілді, бұл орталық кіреберістің сыртқы қасбетіне әсер етті. ҚТЖ басшылығы жөндеу жұмыстарынан кейін ғимараттың жаңа қасбеті бұрынғы тарихи келбетіне барынша ұқсай түсетініне сендірген. Сондықтан соңғы күндері әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер шешіліп, жаңа ғимаратта адамдардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалатын болады, – деді ол.
Сонымен, ендігі сөз мердігерде. Оның бүгінде құрылысы аяқталып қалған вокзал қасбетін қайтіп, қандай жолмен бұрынғы қалпына келтіретіні беймәлім. Мәселен, Қарағанды қалалық сәулет-қала құрылысы жөніндегі кеңестегі мамандардың пікірін білгенімізде, олар ғимараттың сырты қапталған травертин тас материалына ою-өрнек салып, бедерлі пішім беру оңай шаруа емес екенін айтты. Оны шебер қолдар жасамаса, бүгінгінің станогы дәл осы тұста шарасыз көрінеді. Егер, мердігер қасбетті тура тарихи қалпына ұқсатып істеуге ниет білдірсе, онда бұған көп уақыт және қыруар қаржы керек екен...
ҚАРАҒАНДЫ
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Бүгін, 13:34
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Бүгін, 13:25
Алматы әкімі зияткерлік және шығармашылық олимпиадалардың жүлдегерлерін құттықтады
Руханият • Бүгін, 13:19
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Бүгін, 13:14
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Бүгін, 11:58
Аударыспақ спорты жастарды күштілік пен төзімділікке тәрбиелейді
Спорт • Бүгін, 11:51
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Бүгін, 10:26
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 09:45
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:40
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Бүгін, 09:38
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Бүгін, 09:15
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Руханият • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Үкімет • Кеше
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент • Кеше
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Президент • Кеше
Хоккей • Кеше
Футбол • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар