Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Батагөйлер бәйгесі

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» кеңсесі мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста көпшілік көнекөз қариялардан батаның түр-түрін тыңдады.

Батагөйлер бәйгесі

Ас қайыру батасынан бас­тап сәлем бата, қалжа бата, соғым бата, ат қою батасы, бет­ашар баталары самай ша­шы бурыл тартқан ақса­қал­дарымыздың аузымен айтыл­ғанда өте әсерлі естілді.

Қалалық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Исамуддин Рыс­­бай мұндай ұлттық салт-дәс­түрді ардақтап, бата беруді дәріптейтін шараның жастарға бе­рер өнегесі мен тәлімдік мә­ні өте жоғары екендігіне тоқ­талды.

Жалпы саны төрт аудан­нан сегіз батагөй қария қа­­тысқан дода тартысты өт­ті. Жа­рыс нәтижесі бойынша 1-орын (300 мың теңге) Қол­дасбек Төлегеновке, 2-орын (250 мың теңге) Исенбек Битаевқа, 3-орын (300 мың теңге) Жұрынтай Әбілдаевқа бұйырды. Қалған бес үміткерге ынталандыру сыйлығы мен алғыс хат табысталды.

Қазыналы аталарымыз бұл жолы барын салды, арасын­да жастық дәуренін еске түсі­ріп ән де айтты, би де би­леді. Үміткерлерді қолдап кел­ген отбасы мүшелері де болды. Солардың арасында Тәңір­берген атаның қос бірдей келінінің сахнада сәлем салып аталарына гүл ұсынғаны көз сүйсінерлік еді.

Мұндай шаралар әрі қарт­тардың қоғамдық іс-ша­ра­ларға белсене қатысуына себеп болса, енді бір жағынан жас ұрпақты ізгілікке, бірлік­ке шақыруда маңызы зор бол­­­мақ дейді шара ұйымдас­ты­рушылары.

 

ШЫМКЕНТ