Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Тау мен өзендердің тамылжыған өрнегі

392 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейінде Қытайдың Тан әулетінің ежелгі Батыс нарығының Сиань музейімен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Тан Саньчао» майлы кескіндеме музейінің және Сианьның ежелгі астанасының кескіндеме және каллиграфия институтының қолдауымен «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» атты көрме ашылды.

Тау мен өзендердің тамылжыған өрнегі

Ұлы Жібек жолы шеңберінде Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып, музей ісі саласындағы достық байланыстарды нығайта отырып, осы екі ел музейлерінің жобасы іске асырылуда.

Көрме «Аспан асты елінің» бейнелеу өнерімен таныстырады, аталмыш көрмеге Қытайдың Сиань қаласындағы танымал Тан Саньчао, Цуй Цзымо, У Чэнбинь және Чжоу Цисян суретшілердің 60-тан астам шығармалары ұсынылды. Көрме экспозициясы екі негізігі бөлімнен тұрады: бірегей майлы кескіндеме және дәстүрлі қытайлық «гохуа» кескіндемесі.

Көрменің бірінші бөлімі атақты қытай суретшісі Тан Саньчао шығармашылығына арналған, ол майлы кескіндеме техникасында орындалған 40 жұмысын көпшілік назарына ұсынады. Майлы кескіндеме стилінде шығармаларды жасау үшін бояғыштармен араласқан тез кебетін өсімдік майы (зығыр, көкнәр және жаңғақ) негізінде бояу қолданылады, бұл қанық және бай түстер, сонымен қатар көлем беру үшін мүмкіндік береді. 2018 жылы Тан Саньчао «Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының басталуының 40 жылдығына орай мәдениет пен өнерге елеулі үлес қосқаны үшін» және «Батыстың 10 ұлы қайраткерлері (Жібек жолы)» жоғарғы марапатқа ие болды.

Көрменің екінші бөлімі «гохуа» дәстүрлі қытай кескіндемесіне арналып отыр. Бұл мәнердегі шығармалар қылқаламмен жасалады, оның көмегімен су, тушь, түрлі-түсті бояу жұқа жібекке немесе қағазға жағылады. «Гохуа» өзінің мазмұны мен көркемдік құндылығы тұрғысынан «Аспан мен адам бірлігінің» философиялық тұжырымдамасын көрсетеді.

Бұл бөлімде үш көрнекті каллиграфия және кескіндеме шеберлерінің жұмыстары ұсынылды:

Суретші Цуй Цзымо - ғылымға бағытталған заманауи өнер қайраткері, оның шығармаларының спектрі каллиграфия, гохуа, чжуань стиліндегі мөрлерді нақыштауды, фарфордан жасалған бұйымдарды, мүсінді, инсталляцияны, карикатураны, фотосуретті, сондай-ақ әңгіме, поэзия, проза, очерктерді және басқа да өнер салаларын қамтиды. 2012 жылы Цуй Цзымо БҰҰ-ның халықаралық білім, ғылым және фольклор өнері қауымдастығынан мәдениет және өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін марапатқа ие болды.

У Чэнбинь – Сиань қаласындағы Қытай кескіндеме академиясының штатты суретшісі. Сиань әдебиет, тарих және өнер академиясының «Шаньшуй» (таулар мен өзендер) шығармашылық зертханасының меңгерушісі. У Чэнбиньнің суреттерінің басым бөлігі «Таулар мен өзендер» стиліндегі шығармаларды құрайды. Оның суреттері тамаша мазмұнға толы және айқын әсері бар, сезімдік және көрнекі қабылдау тізбегін, табиғи ландшафтың сұлулығын құру.

Чжоу Цисян – Шығыс пен батыс мәдениеті әлеміне танымал адам, Қытай мүсіншілер академиясының мүшесі, оның қосымша мамандығы «гохуа» болып табылады. Суретшінің шығармалары негізінен «таулар мен өзендер», «адамдар мен заттар» стилімен ұсынылған, ол  табиғат сұлулығы мен Цзинань ауылының сюжеттерін көрсетеді.

Келісті көркем туындылар келушілерге табиғаттың ғажайып сиқыры мен таңғы тамылжыған сұлулығын, Таң өңірінің кескіндемесінің көрікті мөлтілдеген миуа әсемдігін көріп, оларды жасаушылардың көңіл-күйі мен өнерге деген ұмтылысын тамашалауға мүмкіндік береді.

 

АЛМАТЫ