Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019

Федерация төрағасы Орал қаласында

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасы Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі салалық және жергілікті кәсіподақ төрағаларымен, кәсіподақ мамандарымен кездесті.

Федерация төрағасы Орал қаласында

Фотосуреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, әлеуметтік әріптестер, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.

- Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, екіжақты серіктестікті дамыту мақсатында кәсіподақтар мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажет. Кез келген еңбек дауын мәмілемен шешуге болады. Кез келген келіспеушілік алдымен ұжым ішінде реттелуі керек. Ал кәсіподақтар осы мәселелерді дау-дамайға жеткізбей, оңтайлы шешуге тікелей араласып, оны шешу жолдарын қарастыруы қажет. Біздің міндетіміз – кәсіподақтың нақты жұмысын, нақты қол жеткізген нәтижелерін көрсету арқылы кәсіподақтың беделін көтеру - деді Ералы Лұқпанұлы.

Кездесуде кәсіподақ мүшелігін арттыру, кәсіподағы жоқ мекемелер мен компанияларда ұйым құру, еңбек адамының құқығын қорғау, оларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, ұжымдық шарттардың саны мен сапасын арттыру сияқты мәселелер көтерілді.

1

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Оразқызы «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту Жол картасының» өңірде жүзеге асуы жөнінде шолу жасады. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО филиалының төрағасы С.Сүлеймен, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының облыстық ұйымы» БҚО қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Даупаев, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы М.Құсайынов өз саласы бойынша жыл бойына атқарған қызметі бойынша мәлімет берді.

2

Кездесу соңында төраға салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары төрағалары кездесуге қатысушылармен пікір алмасып, ой бөлісті. Бұдан кейін Федерация төрағасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының 1 мыңнан астам қызметкерін біріктіретін ірі мекеме – «Жайықжылуқуат» АҚ басшылығы және кәсіподақ мүшелерімен кездесті.