Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстан облысында кесілген киік мүйізі тәркіленді

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қорғауға алынған ақбөкен жануарын мүйізіне бола аулаушылар азаяр емес.

Батыс Қазақстан облысында кесілген киік мүйізі тәркіленді

«2019 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 19.40. шамасында Жаңақала ауданының полиция инспекторлары және «Охотзоопром» РМҚК қызметкерлері жүргізген рейдтік іс-шарасы барысында Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Балдырған қыстағының жанында 1992 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде автокөлік салонынан 17 дана кесілген киік мүйізі, тіркелмеген екі ұңғылы ИЖ маркілі аңшылық қаруы, 16 калибрлі оқтар және ара, пышақ табылды. Сондай-ақ қосымша тексеру барысында 5 дана мүйізі кесілген киік төшкесі тәркіленді» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Батыс Қазақстан