«Өңірдің энергетикалық кәсіпорындарындағы жөндеу-дайындық жұмыстарына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Қазір қуаты 100 Гкал/сағаттан асатын жылу орталықтары 89 пайыз, су электр стансалары – 63 пайыз, электр желілері мен трансформаторлық стансалар – 100 пайыз, жылу жүйелері – 97, су және кәріз жүйелері – 99 пайыз, қуаты 100 Гкал/сағаттан кем емес қазандықтар – 85, тұрғын үй қоры – 94 пайыз, бюджеттік және мәдени сала нысандары жылу маусымына 100 пайыз дайын. Жылу орталықтары мен өмірлік маңызды нысандарға көмір жеткізу мәселесі басты назарға алынған. Бюджеттік ұйымдарға көмір жеткізу шілде айынан басталды. Бүгінде денсаулық, әлеуметтік қорғау және мәдениет нысандары көмірмен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Білім нысандарының қажеттілігі 95,2 мың тонна болса, соның 85,8 мың тоннасы жеткізілді. Биылғы жылу маусымындағы халыққа қажет көмір көлемі 1 140,9 тонна болса, қазір оның 710,1 мың тоннасын (62 пайыз) тұрғындар түсіріп алды» дейді басқарма басшысы Болат Акужанов.
Қысы қытымыр Шығыс өңірі «кәрі құданы» қарсы алуға дайын ба? Жыл сайын жұртты сарсаңға салатын көмір жеткілікті ме? Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының сөзіне сенсек, жылу маусымына әзірлік штаттық кестеге сай жүргізіліп жатыр.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше