Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019

Махамбет университеті студенттері жаппай жаттығу жасады

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Салауатты өмір үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы өтті.

Махамбет университеті студенттері жаппай жаттығу жасады

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев спорт шарасын қолдауға байланысты бейнеүндеу жолдаған еді. Акция отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу арқылы қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру мақсатынан туындаған, - дейді университет қызметкері, доцент Рита Сұлтанғалиева.

Көпшілік шарасына университет ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы, «Jas Otan» өкілдері мен университет студенттері белсене қатысты. Күзгі жауынға қарамастан бір ырғақпен жаттығу жасаған көпшілік салауатты өмір салтын насихаттап, тәні саудың жаны сау екендігін көрсетті.

Айта кетейік, Махамбет университетінде дене шынықтыруға барлық жағдай жасалған. Жаңа оқу жылында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған аумағы 920 шаршы метрлік жаңа спорттық алаң пайдалануға берілген болатын. Бұл студенттердің бос уақытында спортпен айналысуына, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға өте қолайлы болды.