Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Жолдау шағын бизнесті дамытуға жаңа серпін береді

441 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес саласы да назардан тыс қалмаған. Жалпы облысымызда 22798 бизнес иелері тіркелген. Оның ішінде 126-ы ірі және 500-і орта кәсіпкерлікті құраса, қалғаны шағын бизнес өкілдері.

Жолдау шағын бизнесті дамытуға жаңа серпін береді

Шағын және орта бизнес – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке аталмыш салада салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды. Бұл тапсырманы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова талдап, түсіндіре келе былай деді: «Мемлекеттік қызметшілер, әсіресе, бақылаушы органдарда қызмет атқаратын мамандар бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынаста этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қандай да бір бұзушылығын заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру немесе біреудің мүдделерін жақтауға жасалған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін екендігін нақты түсінуі қажет». Яғни, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабында заңды тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне кедергі келтіруге және кәсіпкерлік субъктілеріне қатысты талаптарды өрескел бұзу мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік қылық болып табылатындығы жазылған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекекеттік қызмет сапасын арттыруға байланысты да тапсырмалар жүктеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. Біз өз кезегімізде халыққа көрсететін қызмет сапасын арттырып, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналуымыз қажет. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші.

Халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету – мемлекеттік органдар жұмысының аса маңызды басымдылығы. Осы тұрғыда мемлекеттік аппараттың клиентке бағдарлығы – біздің жұмыстың түйінді қағидасы. Біздің қызметіміздің ендігі кезектегі негізгі басымдығы – бұл Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында айтылған тапсырмаларды сапалы іске асыру. Алдымызға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін меритократия қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтіп, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакетін кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Президентіміз атап өткендей, «Мемлекеттік қызмет – елің және халқыңа қызмет ету» деп саналуы тиіс. Әрқайсымыздың мойнымызда мінсіз міндет атқару мен абыройлы ар жолында еңбек ету парызы тұр. Бұл ретте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі және этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы, яғни, Әдеп жөніндегі уәкілдің институты енгізілді. Мемлекеттік қызметші қай кезде моральдық-этикалық талаптарды сақтауға міндетті. Алайда, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет аясында түрлі кедергілер мен ұжым арасында түсінбеушіліктердің көрінісі орын алады. Осындай жағдайларға жол бермеу Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметінің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Алматы облысында жалпыәдеп жөніндегі 40 уәкіл өз қызметін атқаруда.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді тиісті деңгейде орындау өңірлерде жұмысты тиімді ұйымдастырылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Серікбай Нұрғисаев,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

Соңғы жаңалықтар