Қоғам • 01 Қазан, 2019

Жылдың жаңа жүздігі анықталады

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл 1 қазаннан бас­тап «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жа­ңа есімі: жас қазақстан­дық­тардың табыс тарихы» жобасына өтінім қабылдау басталды.

Жылдың жаңа жүздігі анықталады

Қазмедиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «100 жаңа есім» жобасының үшінші кезеңі басталғанын хабарлады.

– Бүгін үлкен жобаны бастағалы жатырмыз. Осыдан екі жыл бұрын Елбасының баста­масымен «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасы жарияланды. Соның аясында «100 жаңа есім» жобасының үшінші кезе­ңін өткізуді қолға алдық. Бұл жоба қоғамның дамуына өзінің үлкен ықпалын тигізіп келеді. Сондықтан оны жалғастыруға бел будық. Аталған бастама тәуелсіздік жылдарында еліміздің іргесін бекітуге үлес қосқан азаматтарды таныстыруды, олардың еңбегін насихаттауды көздейді. Бұған екі жылдың ішінде 5 мыңға жуық адам қатысты. Үздіктерді анықтау үшін екі миллионға жуық қазақстандық дауыс берді, – деді министр.

Одан кейін «Рухани жаң­ғыру» Қазақстандық әлеумет­тік даму институтының төр­ағасы Кемелбек Ойшыбаев «100 жаңа есім» жобасы туралы жан-жақты мағлұмат беріп, дауыс беру процесін түсіндірді. Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау 20 қазанға дейін жалғасады. Жастар жылына арналған жобаға қатысуға ниет танытқандардың жасы 39-дан аспауы керек. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында сауалдаманы толтыруы қажет. Қатысушыға сенімді әрі нақты ақпарат беру міндеттеледі. Барлық өтінімдер модерация­дан өтіп, кейін сайтта жария­ланып, желіде дауыс беруге рұқсат алады. Сонымен қатар белгілі қоғам және мәдениет қай­раткерлері, спорт және биз­нес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады.

Ал үміткерлерге дауыс беру үшін жобаның ресми сайтына тіркелу керек. Дауыс берушілер әр саладан тек бір үміткерден таңдай алады. Конкурстың нәтижелері биыл желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін таныстырылымда жарияланады.

Сонымен қатар аталған жобаның өткен жылдардағы ең белсенді жеңімпаздарынан «Бюро 100» командасы құрыл­ды. Олар байқауға ең лайық­ты үміткерлерді іздестіру үшін Қазақстанның барлық ай­мақтарын аралайды. Команда әлеуметтік желілерде жоба қа­тысушыларын іздеудің бар­лық кезеңдерін көрсетеді. Солардың бірі, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Асан Жолдасов бұл бастама­ның жақсы қырларын, білім сала­сындағы жастардың ең­бе­гін көрсетуге септігін тигі­зе­тінін және Жастар жылын­да жас мұғалімдерге ерек­ше назар аударылып жат­қанын атап өтті. Ол – мате­матик, бағ­дарламашы және оқытушы. 2018 жылы «Қо­ғам» бағытында 15 757 дауыс­пен жеңімпаз атан­­ған А.Жол­дасов оқушы кезі­­нен-ақ ма­тематикадан рес­­­пуб­лика­лық, халықаралық олим­­­пиа­даларға қатысқан және 19 жасында өз мектебін аш­­­қан. Оқытудың арнайы әдіс­­­те­ме­сін жасап, «Пифагор» мек­­­те­бін үлкен компанияға ай­­­­нал­­дырған. Осылайша 10 жыл­­­да 10 мыңнан аса ба­ла­­­ның ма­тематикаға қызығушы­лығын оятқан.