Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Бір түйір дән далада қалмайды – дейді ақмолалық диқандар

655 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы егін орағы біршама күрделі жағдайда өтіп жатыр. Оған ең басты себеп – жауын-шашынның шамадан тыс көптігі. Көктемгі тұқым себу науқаны да жылдағыдан кеш аяқталып, дән кеш пісті.

Бір түйір дән далада қалмайды – дейді ақмолалық диқандар

Қыркүйектің басынан еліміз­дегі астықты аймақтардың бірі са­налатын Ақмола облысының егістік алқаптары дұрыстап бір дегдімеді десек те болғандай. Бу­­­рабай, Біржан сал, Зеренді аудан­­­дарында  24-36,2 миллиметр шамасында ылғал түсті. Ал Жар­­­­қайың, Есіл, Жақсы аудан­дарындағы жауын-ша­шын­ның мөлшері 11-22,4 ми­ллиметр дең­гейде болды. Қор­ғал­жын ауда­­нынан өзге өңірлерде күн қа­бағы бір ашылмады. Жұ­мыс­тың жүруінен тұруы көп бол­ған соң қанша күш салғаны­мен, нау­қанның алғашқы күн­дерінде диқандардың адымы ашылмады.

Енді уақыттан ұту үшін кез­ келген ашық сәтті тиімді пай­­даланған ләзім. Орақ жұмысы егін­­ді тікелей орса, жиын-терім тезірек аяқталар еді. Бірақ дес­те­ге түсірмей тағы болмайды. Кей алқаптардың егіні әлі жап-жа­­­сыл. Дестеде жатып пісіп же­тіл­­месе, қамырлылығы артпай, тұ­­қымға да жарамай қалуы мүм­кін. Сондықтан диқандар бітік өскен құнарлы жерлерді дестеге де жығып жатыр. Жауын-ша­шын мол жылы мұның өзін­дік маша­қаты көп. Дестеде астық­тың көк­теп кетуі ықтимал. Көк­теді-ақ екен, шығыны шаш-етектен. 

Облыс диқандары үстіміздегі жы­лы 4 миллион 379 600 гектар жерге дәнді дақыл тұқымын сіңір­ген болатын. Бүгінге дейін 3 млн 21,7 мың гектар жердің астығы дестеге түсіріліп, 2 млн 996,3 мың гек­тар алқап бастырылды. Бұл бар­лық көлемнің 68,4 пайызы. Гектар берекесі әзірге 10,3 центнерден айналуда. Картоп егілген алқаптардан 9,9 мың гектарынан немесе өнім­­нің 57,1 пайызы жиналды. Кө­көністің 74,9 пайызы қоймаға жеткізілді.

Ауа райы қолайсыздау бол­ғанына қарамастан, облыс ди­қан­­дары бидайдың әр гектарынан – 10,3, картоптың әр гекта­рынан – 118,5, көкөністің әр гек­тарынан 94,7 центнерден өнім жинауда.

Алқаптардағы астықты шаш­пай-төкпей жинап алу үшін жұ­мысқа 8,4 мың астық жинай­тын комбайн тартылды. Олар­дың 3518-і өнімділігі жо­­ғары ше­тел­­­дік техника. Астық тасы­мал­­­­дау біршама ұтымды ұйым­дас­­­тырылуда. Қыр­маннан қам­баға дейін 4708 жүк көлігі, 7730 трак­тор тір­ке­месі жүйткіп жүр. Қы­зыл дән 494 меха­ника­лан­ды­рылған қырманға түсуде. Бұл арада қолбайлау болып отыр­ған түйткіл жоқ.

Күзгі дала жұмыстарын уақ­тылы өткізу үшін 77,5 мың тон­­­на дизель отыны қажет. Биыл облысқа кепілдендірілген 72 мың тонна дизель отыны бөлінген болатын. Оның қазір 78,8 пайызы немесе 66,1 мың тоннасы ғана жет­­кізілген. Облыс диқандары күн ашық болса алдағы 8-10 күн­­­нің ішінде егін орағын толық аяқ­таймыз деп отыр. 

Облыс әкімдігі Энергетика ми­нистрлігіне және Ауыл ша­руашылығы министрлігіне өңір­дің тауар өндірушілеріне қа­жетті 30 мың тонна дизель отынын бөлуді сұрап өтінім жасады. Дизель отыны егінді жинап алу­­ға жеткенімен, ылғал дән­ді кеп­­тіруге жетпейді. Егер осы кө­лемде жеткізілсе, астық қа­­былдау кәсіпорындары мен кеп­­тір­гіш агрегаттары бар ауыл­­­ша­­руашылық құры­лым­да­рына бөлініп берілмек. Қазір қам­баларға 581 мың тонна дән жет­кізілді. Оның 326,7 мың тоннасы жұмсақ және қатты бидай. Бір қуанарлығы, қамбаға түскен ас­тықтың 80 пайызға жуығы үшін­ші класқа жататын сапалы өнім. Жауын көп болған соң ас­тықтың қамырлылығы азаяды деген кү­ні бұрын айтылған сәуегейлік те­ріс­ке шықты.

 

Ақмола облысы