Руханият • 01 Қазан, 2019

Бүгін - Халықаралық музыка күні

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық музыка күні 1975 жылдан бері 1 қазанда атап өтіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Facebook парақшасында жазды.  

Бүгін - Халықаралық музыка күні

«Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде танымал композиторлардың музыканы насихаттауға бағытталған шығармашылық кештері мен танымдық көрмелер өтеді. Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан барша өнер майталмандарын осынау айтулы күнмен құттықтаймыз! Өнер биігінен көріне беріңіздер!», делінген жазбада.

Бұл елеулі күн 1973 жылы ЮНЕСКО аясында Лозанна қаласында өткен Халықаралық Музыка Кеңесінің 15-Бас ассамблеясында қолдау тапқан.