Президент • 01 Қазан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланысты одан әрі арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақпен ортадағы өзара қарым-қатынасты нығайту қажеттігін атап өтті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хасан Руханиді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.