Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Қарағандыда автобустардың барлығы жаңартылады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыс орталығындағы автопарктер басшыларының алдына екі жыл ішінде барлық автобустарды жаңасына ауыстыру жөнінде міндет қойды.

Қарағандыда автобустардың барлығы жаңартылады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және қалалық автопарктердің басшыларымен өткен жиында өңір басшысы қазіргі уақытта автопарктер үшін несиелендірудің өте тиімді шарттары бар екенін еске салды.

 – Осы механизмдерді пайдаланыңыздар. Егер сіздер жылжымалы құрамды жаңарту бойынша міндеттеме алатын болсаңыздар, біз өз тарапымыздан субсидиялауды арттыруға дайынбыз. Егер олай болмаса, біз субсидиялауды тоқтатамыз. Әлбетте, біз мұндай қатаң шараларға барғымыз келмейді және муниципалдық автопарк құруды көздеп отырған жоқпыз. Алайда автобустардың тозуына байланысты жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төнетін болса, ондай қадамға баруымызға тура келеді, – деді ол.

Еске салсақ, осы әңгімеден сәл бұрын Қарағандыдағы №3 автопарк 75 жаңа автобус сатып алған болатын. Бүгінгі таңда олардың біразы жолаушыларға қызмет көрсете бастады.

Жалпы алдағы уақытта облыс орталығында барлығы 553 автобусты жаңасына ауыстыру қажет болады.

 

Қарағанды облысы