Нысанның ашылу салтанатында Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев, облыстық ХҚКО бастығының орынбасары Гүлмира Сүлейменова және Қаражал қаласының құрметті азаматы Айтбай Тоқымбаев құттықтау сөз сөйледі.
Бұған дейін жәйремдіктер ХҚКО қызметін алу үшін 60 шақырым жердегі Қаражал қаласына баруға мәжбүр болатын.
Қазір 9 мың тұрғыны бар кенттегі жаңа орталықта жеті қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа ғимараттың ішінде көші-қон полициясы учаскесі де тұрғындарға қызмет көрсете бастайтын болады.