Іс-шарада Маңғыстау облысының туристік орындары таныстырылды. Туризм саласындағы өзекті мәселелерді және Каспий теңізінде туризмді одан әрі жетілдіріп, бірқатар шешім қолға алынатын болды. Ішкі туризмді дамытуға бағытталған шарада Маңғыстау олблысының туризм саласын дамыту аясында 2023 жылға қарай туристер ағыны екі есе артып, жылына 435 мың адамға жетуіне атсалысып жатыр.
Бүгінгі тұсаукесерде туризмді дамыту мақсатында бірнеше бағыт-бағдар қолға алынғалы отыр. Біріншіден, жағажай туризмі. Бұл жағдайда басты назар Ақтау каласына аударылады. Екіншіден, этикалық, мәдениет және экологиялық туризм. Бұл есепте мемлекет қорғауында тұрған 13-ке жуык тарихи ескерткіш пен 362 киелі орын бар Маңғыстау облысының әлеуеті жоғары болып отыр. Үшіншіден, Бекет ата мен Шопан ата киелі жерлеріне құлшылық жасау. Төртіншіден, Ақтау қаласының облыс орталығын дамытуға ерекше назар аударылатын болды.
Бұл бағыттарды дамыту барысында 4 негізгі сапар орталығын құру жоспарланды. Олар - «Бейнеу», «Үстірт», «Көгез», «Ақтау» орталықтары.