Бүгінгі таңда облыс бойынша ішкі істер органдарының 3 мыңға жуық ардагері бар. Бұл күні ІІ Дүниежүзілік соғыс сұрапылын көргендер мен тыл еңбеккерлеріне және ауған соғысының ардагерлеріне айрықша көңіл бөлінді.
- Біз аға ұрпақтың өлшеусіз еңбегі үшін алғыс айтамыз және үнемі қолдау жасаймыз. Олар біздің тәлімгерлеріміз, біздің тірегіміз, - деп атап өтті Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Бұл мерекеде Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев та құттықтауын жеткізді.
Полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев Ардагер кеңесінің жұмысына қосқан үлесі мен жас полиция қызметкерлерін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін бірқатар зейнеткерге грамоталар табыс етті.