Қазақстан • 02 Қазан, 2019

Фронт-кеңсе – келелі іске дәнекер

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық полиция департаментінің бастамасымен Есіл ауданында фронт-кеңсесі ашылды. Кеңседе күштік құрылым қызметкерлерінің көмегіне жүгінетін азаматтардың барлық мәселелері бойынша қабылдау жүргізілетін болады.     

Фронт-кеңсе – келелі іске дәнекер

Жаңадан ашылған фронт-кеңсенің жалпы аумағы 25 шаршы метр. Қазіргі заманғы компьютерлік өзге де қажетті құралдармен толыққанды жабдықталған. Азаматтарды қабылдау бөлмесі кондиционер, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Кеңсенің алқашқы жұмыс күні генерал-майор, облыстық  полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов жергілікті тоғыз тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар көші-қон, әкімшілік және еңбек заңнамалары, кеңседегі мамандардың санын ұлғайту бойынша сауалдарын қойды. 

–Бейнебақылау жүйесі ең алдымен қауіпсіздік, екіншіден алдын-алу, үшіншіден азаматтар әрбір өтініштерінің жіті қадағалауға алынатынын білетін болады. Айдың соңына қарай ауданда шағын жедел басқару орталығын ашуды жоспарлап отырмыз,–дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов.   

Осы күні көшпелі жиын өткізілді. Шара барысында полиция департаментінің көші-қон бағытындағы атқырылып жатқан жұмыстар егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ шетел азаматтарына көмек көрсететін арнайы психолог мамандар тарту мәселелері де қозғалды. Жиын барысында бірқатар аумақтық бөлімше басшылары атқарылған жұмыс  бойынша есеп берді. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың басынан бері аймаққа келген шетел азаматтарының саны 24 мыңға жетіп қалған екен.