Қоғам • 02 Қазан, 2019

Заң форумында кәсіпкерлердің құқықтық мәселесі талқыланды

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Атамекен» ҰКП және Lincoln Company ұйымдастыруымен сот өндірісі жүйесін оңтайландыру мен жеңілдету, инвестициялық дауларды шешудегі тұрақтылық мәселесіне қатысты Заң форумы өтті.

Заң форумында кәсіпкерлердің құқықтық мәселесі талқыланды

Биылғы жылы оныншы рет өткен форумға  үш жүзге жуық заңгер, Жоғары сот өкілдері мен тиісті министрліктердің мамандары, шетелдік заңгерлер қатысты.

Екі күнге созылған форум жұмысында бес секция бойынша мамандар салалық мәселелерді талқылады.  Форумның алғашқы кезеңінде  «Атамекен» ҰҚП Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов еліміздегі кәсіпкерлік ахуалға қатысты баяндама жасаса, Жоғары соттың мамандандырылған сот алқасының Төрағасы Айгүл Қыдырбаева заңгерлік қоғамдастық қалыптастырудың ерекшеліктері туралы атап өтті. 

«Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің Басқарушы директоры Лаура Мерсалимованың айтуынша, заңнамаларды жетілдіру мен кәсіперлер үшін бизнес климатты жақсартуға байланысты соңғы алты жылда әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің қаржылық шығындарын азайтуға байланысты, көптеген істер атқарылды. Бүгінде заңнамаға өзгерістер енгізуге байланысты мемлекеттік органдар тиісті жұмыстар жүргізуде, оның ішінде бизнес климатты жақсартумен қатар әкімшілік кедергілердің қайталанбауы үшін арнайы толықтырулар ұсынылып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлікті жүргізу мен дамытуға тікелей ықпал ететін маңызды құжаттар  экология, денсаулық саласына қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізілетін болады. Бүгінде кәсіпкерлерді алаңдататын мәселелер арнайы реестрде тіркелген. Сондықтан да кез келген кәсіпкер сайт немесе әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы өзіне қажетті ақпараттарды алып, дер кезінде хабарланып отыруына мүмкіндігі бар.

Бизнесті жүргізудің интерактивті секциясы бизнесті қорғаудағы қылмыстық-құқықтық мәселелермен жалғасып тауып,  ары қарай  ИТ саладағы  заңнама, жер қойнауларын пайдалану мен энергетика, медицина және фармацевтика, құрылыс нарығына қатысты заңнамалараға орай мәселелер талқыланып, кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға байланысты мамандардың жауабын тыңдады.

Ал ИТ-құқық секциясы бизнеске жасанды интеллекті енгізу мәселесімен кәсіпкерлердің назарын аударды. Жобаны Қазақстан-Британ техникалық университетінің мамандары Назарбаев университетінің Жасанды интеллект зертханасының қызметкерлерімен жүзеге асыратын болады. Жасанды интеллект жүйесі кәсіпкерлерге сот актілерін іздеуге және сот істерінің қандай шешіммен аяқталуын болжауға мүмкіндік береді.