Экология • 02 Қазан, 2019

Ауа сапасы туралы ақпарат Led-экрандарда көрсетіледі

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат енді Павлодар, Екібастұз, Петропавл және Ақтау қалаларының Led-экрандарында қолжетімді болады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Facebook парақшасында мәлімдеді.

 

Ауа сапасы туралы ақпарат Led-экрандарда көрсетіледі

«Трансляциялау үшін мәліметтер «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалдарымен «AirKz» мобильді қосымшасының көмегімен ұсынылып, әр үш сағат сайын жаңартылып отырады. Бұл жоба «Қазгидромет» РМК, облыстық әкімдіктер мен Led-экрандары бар жеке меншік ұйымдардың қатысуы арқылы мүмкін болды», деп жазды министрлік.

Павлодар қаласында ақпарат Сәтпаев-Кривенко, Сәтпаев-Торайғыров, Кутузов-Естай көшелерінің қиылысында, Теміржол вокзалы ғимаратының ішінде, Екібастұз қаласында Ленин көшесінде, Ақтау қаласында 4 және 14 шағын аудандарындағы экрандарда, Петропавл қаласында оқушылар сарайының экранында трансляцияланады.

«Келесі айда атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының Led-экрандарында шығару жоспарда. 2020 жылы жоба Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында іске асады», делінген хабарламада.