Отырысқа Парламент Сенатының Аппараты, Ақпарат және Қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылары қатысты.
Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева Хатшылық шешімімен қабылданған басты қағидаттарды әлемге кешенді түрде жеткізу қажеттілігіне баса назар аударды. Сонымен бірге 2020 жылға жоспарланған Хатшылық отырысының және 2021 жылға жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің бағдарламасы мен құжаттарын әзірлеуге кірісуді тапсырды.
Отырысқа қатысушылар Съезд аралығындағы кезеңдегі ұлттық және халықаралық іс-шаралардың кешенін және «Н.Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуды дамыту орталығы» коммерциялық емес қоғамдық ұйымының қызметін одан әрі жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылады.