Руханият • 02 Қазан, 2019

Халықаралық экспедиция мүшелері Алтын Орда билеушілері жерленген Лапас мекенінде болды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сарайшық-Сарай Бату-Сарай Берке қалалары ізімен» атты халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы Ресейдің Астрахань облысы Қарабайлы ауданына қарасты Лапас ауылының маңайындағы ортағасырлық көне кесенелер орнын аралап көрді.

Халықаралық экспедиция мүшелері Алтын Орда билеушілері жерленген Лапас мекенінде болды

Үлкен-үлкен төбелерде ертеректе технологиялық қазба жұмысы жүргізілгені байқалады. Күйдірілген және шикі кірпіш сынықтары, керамика, тгрлі-түсті мозайка сынықтары шашылып жатыр. Лапас кесенелер кешені Ресей мемлекетінің қорғауына алынғандығы туралы ескерту белгі ғана бұл жерде тарихы құнды ғимараттар болғанын әлгілер тұр.                                 

- Кеңестік тарихшы Б.Л.Егоровтың болжауынша, бұл жерде Берке, Өзбек, Жәнібек және Бердібек хандар осы жерде жерленген. Дегенмен, Қадырғали би «Тоқты мен Әз Жәнібек хан Сарайшықта жерленген» деп нақты көрсеткен. Сондықтан Алтын Орда хандарының қайсысы қай жерде жерленгені туралы ғалымдар әлі толық тұжырым жасаған жоқ. Біздің мақсатымыз - тарихи орынды көзімізбен көріп, өзге де орындармен салыстыру болатын. Әрине, көне деректерде бұл жерді «Билеушілер алқабы», «Ақсарай» деп атағаны белгілі. Сондықтан бұл орында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру - күн тәртібінде тұр. Менің білуімше бұл жерде 1950 жылдардың соңында археологиялық қазба жұмысы болған, 5 кесене анықталған, - дейді экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұхтар.

1