Руханият • 03 Қазан, 2019

Кәсіби мереке қарсаңында елорданың үздік ұстаздары мапаратталды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында білім саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Кәсіби мереке қарсаңында елорданың үздік ұстаздары мапаратталды

Білім мен тәрбие саласында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін елорданың үздік ұстаздарына арналған мерекелік кешке Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты. Басқарма басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Кәсіби мереке қарсаңында  елорданың 200-ден аса мұғалімі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталады. Айта кетейік,  мұғалімдер мен педагогика саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың есімі «Елордалық білімнің алтын қоры» атты кітапқа енетін болды. Ұстаздар қауымына арналған салтанатты шара ҚР еңбегі сіңген қайраткері Ардақ Балажанова мен саксафоншы Ержан Дүйсенбин, Қазақ Ұлттық хореография академиясы әртістерінің, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының балалар шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.