Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Eurasian kids fashion week (ekfw) алғашқы маусымы Алматыда басталады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 4-5 қазан күндері «Forum» ойын-сауық орталығында (Сейфуллин даң-ы, 617, 5 қабат «Event Space» алаңы) Еurasian kids fashion week (ekfw) алғашқы маусымы өтеді.

Eurasian kids fashion week (ekfw) алғашқы маусымы Алматыда басталады

Eurasian kids fashion week балалар сән көрсетілімінің апталығы қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің және модельдердің шығармашылығына демеу беру мақсатында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш іс-шара еліміздің әлемдік сән алаңында өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік болып табылады.

EKFW алғашқы маусымының ұйымдастырушылары: Crystal Generation жобасының жетекшісі Ляззат Мамедова және Celebrity model group Kazakhstan агенттігінің директоры Гүлшат Амержанова.

Celebrity model group Kazakhstan – бұл Ресейлік федеральді, модельдік арт-агенттігі. Бүгінгі таңда аталмыш агенттік РФ, Италия, Греция, Испания, Белоруссия, Өзбекстан, Қазақстан және т.б. әлемдік 117 қалаларда өз қызметін жүзеге асырады. Балалар танымал брендтті балалар киімдерін жарнамалауға арналған түрлі кастингтерге қатысып, шоу-бизнес жұлдыздарының бейнебаяндарына қатысады. Сонымен қатар Мәскеуде және Миланда ұйымдастырылатын сән апталықтарына көзайым болуда. CMG модельдердің халықаралық аренада ұзақмерзімді шығармашылығын қалыптастырып, Европадағы және Азиядағы жетекші сән агенттіктерінің біріне айналуға бағытталған.

Іс-шараның қонақтарының қатарында әнші, битмейкер және  продюсер Jah Khalib, «Шоу Голос.Дети» байқауының жеңімпазы Данэлия Тулешова, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Қазақстан мақтанышы» арнайы наградасының иесі, Музыкальная академия Евровидения «Junior» жобасының жеңімпазы – Диана Еркін бар.