Президент • 03 Қазан, 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге келді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге келді

«Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Биылғы шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады. Пленарлық сессиядағы Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзін «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында көре аласыздар. Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады. Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған», деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, биыл «Валдай»  халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысып жатыр.