Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Қостанай полициясы облыстағы ЖОО-мен меморандумға қол қойды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық Полиция департаменті мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осылайша, полиция қатарын білімді қызметкерлер толықтырмақ. Бұл туралы ПД Баспасөз қызметі хабарлады. 

Қостанай полициясы облыстағы ЖОО-мен меморандумға қол қойды

Жоғары оқу орнының проректоры Нұрлан Медетов құқық қорғау органдарының қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

- Біріншіден, бұл - университетті бітірген студенттер үшін ішкі істер органдарында жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік. Бізде дене шынықтыру және спорт факультеті, тарих, психология факультеттері бар. Бұл мамандар құқық қорғау органдарында сұранысқа ие. Екіншіден, біздің студенттер департамент музейіне баруға, мұрағаттық құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

ҚМПУ – осындай меморандумдарға қол қойылған үшінші ЖОО. Алдағы уақытта полицейлер студенттермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр, онда ішкі істер органдарындағы қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндайтын болады.

- Полициядағы қызмет - бұл, бірінші кезекте, кез келген уақытта азаматтарды қорғау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге дайын болу. Сондықтан қызметке іріктеу критерийлерінің негізі - мотивациялық, әділдік, адалдық, жауапкершілік және тәуекелге дайын болу, - деп атап өтті Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

А.Ынтықбаев, сондай-ақ, ІІО қатарында жас қызметкерлер қызметтік киім-кешекпен, департамент емханасында медициналық қызмет көрсетумен, ІІМ жоғары оқу орындарында тегін оқытумен, сондай-ақ, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар