Қазақстандағы білім саласының қызметкерлері қазан айының алғашқы жексенбісінде мұғалімдер мерекесін атап өтеді. Барша педагог қауымды атаулы күнмен құттықтай отырып, осы орайда ұстаздар үшін биылғы басты жаңалық болған «Педагог мәртебесі туралы» заңды сөз етпекпіз. Бұл заң жобасы қоғамда қызу әрі ең көп талқыланған құжат ретінде есте қалатын шығар. Себебі білім саласына қатысы болмайтын отбасы жоқ. «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі» деп Мағжан ақын айтқандай, қоғамымыз заман қалай құбылса да ертеден келе жатқан ұстазға деген құрметтің өз деңгейінде сақталып қалуына мүдделі. Сонымен жаңа қабылданар заңда не қаралған? Ұстаздардың қай қалауы қолдау таппай тұр?

Әлемде алғашқы емес
Педагогтардың мәртебесі әлем елдерінде құқықтық жағынан әлдеқашан реттеліп қойған. Халықаралық ұйымдар бұл тұрғыдан өткен ғасырдың екінші жартысында нақты қадам жасады. Соның бір дәлелі – UNESCO мен Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) өкілдерінің «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсынымдар» құжатына қол қоюы. Бұл құжат 1966 жылы 5 қазанда өткен Париждегі арнайы үкіметаралық конференцияда қабылданды. UNESCO-ның бас директоры Коитиро Мацуура қол қойған құжатта «Бұл мұғалімдердің құқықтары мен жауапкершілігін, оларды даярлау мен одан әрі білім берудің, жалдау мен жұмыстың халықаралық стандарттарымен, оқу мен оқытудың жағдайларымен бірге белгілейді. Ұсыным қабылданғаннан кейін өткен уақыт ішінде оны білім сапасын қамтамасыз ету мүддесінде мұғалімдердің жағдайын жақсартуға бағытталған жетекші қағидаттар кешені ретінде қарастыра бастады» делінген.
Осы ұсынымдағы қағидаттар бала тәрбиесімен және білім берумен айналысып отырған барлық мекеменің педагогтарына арналғаны айтылыпты. Ал көзге ерекше түскені: «Мұғалімдер жұмыс істейтін ұйымдардың білім беруді дамытуға елеулі үлес қоса алатынын мойындаған жөн, сондықтан оларды білім беру саласындағы саясатты әзірлеуге тарту керек», деген сөйлем болды.
Түйткілдің түйіні түгел тарқатылса...
Халықаралық құжаттағы осы бір құқық ескерілгендей, біздегі жаңа заң жобасын әзірлеуге білім беру саласының мамандары атсалысты әрі мұғалімдердің ой-пікірі мен ұсыныстары ескерілді. Бірақ қолдау таппай жатқаны да баршылық.
Соның бірсыпырасын білім саласында 28 жылдық еңбек өтілі бар Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева айтып берді. Мәжілісмен педагог мәртебесі туралы мәселенің биыл ғана емес, білім саласына қатысты үкімет сағаттарының барлығында, бюджет бөлінісі кезінде де, сәті түскен әр уақытта көтеріліп жүргенін жеткізді. Десе де әлі шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Соның бірі – аталған заң жобасында педагогтар физикалық жағынан артық жұмыстарға жегілуден қорғалғанымен, мұғалімнің жұмыс барысындағы тым көп академиялық жұмыстарынан босатылуына мән берілмегені. Мұғалім қызметінің қыр-сырын меңгерген депутат алдағы заң жобасымен жұмыс барысында осы бағытта және жалпы мұғалімнің беделін көтеруді жүзеге асыру үшін жұмыс тобының мүшелері және сарапшылармен бірігіп жұмыс жүргізетінін жеткізді.
«Бұл құжат заңды күшіне енгенде барлық түйткілдің түйіні түгел тарқатылып кетеді деген ой болмауы керек. Себебі мұғалімнің мәртебесін көтеру кешенді жұмысты қажет етеді. Ең алдымен педагогтың өзіне тікелей байланысты. Мен жұмыс тәжірибемде ата-аналар баласын іздеп жүріп беретін, ұстаз болып жаратылғандай, небір керемет мұғалімдерді білемін. Өйткені олар өз жұмысын жетік меңгерген. Міне, мұндай мамандарға мұғалімнің мәртебесін ресми белгілейтін құжаттың тіпті қажеті де жоқ. Егер педагог кәсіби, біліктілігі жоғары, өзіне сенімді, мамандығын, балаларды жан-тәнімен сүйетін жан болса, оның беделді болуына еш кедергі кесе көлденең тұра алмайды. Аталған заң бар болғаны заңды күші бар құқықтық құжат қана болып қала береді», дейді. Н.Жұмаділдаеваның ойынша, екіншіден кешенді жұмысты жүргізуде педагогқа деген қоғамның оң көзқарасы ауадай қажет. Кең көлемдегі қоғамдық көзқарасты ата-анадан бастап барлық азамат қалыптастыратыны белгілі. Сол себепті баланың болмысы биік болуы үшін мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек екенін алдымен ата-ана түсінуі тиіс. «Үшіншіден, өзге сала мамандары да педагог мәртебесін көтеретін кешенді жұмыстан қалыс қалмауы қажет. Мәселен, соңғы жылдары дәрігерлер туралы, олардың жан алысып-жан беріскен жұмысы, өліммен арпалысқан еңбегі көрсетілетін фильмдер көптеп шықты. Ал мұғалімдерге арналған сондай кинотуындыны білесіз бе? Жоқ! Киногерлерді де қоғамға тәрбиелеген, оларға да әріп танытқан ұстаз ғой?», деп салмақты сауал тастады депутат.
Мұғалім мәртебесін көтеру – ортақ іс
Расымен де, Қазақстанда мұғалімнің елеусіз еңбегін көрсететін режиссерлік жұмыстар жоқтың қасы. Мәселен, үнділер түсірген «Жердегі жұлдыздар» атты дислекия симптомы бар баланың шырағын жаққан сурет пәнінің мұғалімі туралы фильм әлі күнге дейін көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Осы ойға ұқсас салмақты сөзді мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаева айтып еді. «Педагогтың қоғам алдындағы беделін құжат қана көтермейді. Тәуелсіздік жылдардан бері жазылған мұғалімнің еңбегі, оқушы өмірі, мектеп тәрбиесі туралы бір роман немесе қандай да бір ауыз толтырып айтатын еңбек бар ма? Бұл ретте қаламгер қауым да атсалысуы керек», деді ардагер ұстаз. Әлбетте бұл сөзді тек киногерлер мен қаламгерлерге қатысты деп қабылдамау керек, оның астарында журналистер, ақын-сазгер, әншілер, блогерлер, жақсылықтың жаршысына айналғысы келетін кез келген жанға қарата айтылған емеурін жасырын жатыр деуге болады. Ақпараттың алпауыт алаңына айналған әлеуметтік желілердегі у-шу желдей есіп тұрған уақытта интернет қолданушылары да мұғалімдер туралы ақпаратты таратуда объективтілікке, мәдениеттілікке салғаны абзал.
Зейнетке ерте шыға ма?
Көптеген мұғалім зейнет жасы туралы мәселеге алаңдайды. Бұл тараптағы ұсынысты еліміздегі педагогтар түгелімен қолдап отырғаны да анық байқалады. Бірақ Білім және ғылым министрі Тамыз кеңесінің қорытынды брифингінде зейнет жасын қысқарту туралы мұғалімдердің ұсынысын жоғарыға жеткізгенімен, заңды қарайтын тиісті ведомстволардан қолдау таппай отырғанын мәлімдеді. «Бізде зейнетке шығудың заңда бекітілген нормасы бар. Егер педагогтарға зейнеткерлікке ертерек шығу құқығын берсек, онда дәрігерлер, шахтерлер секілді басқа да саланың қызметкерлері көтеріледі. Бұл мәселе әлі талқыланып жатыр. Оң шешімін табады деп айта алмаймыз», деді министр. Ал тақырыптың қалай талқыланып жатқанын Сенат депутаты білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген Мұрат Бақтиярұлы түсіндірді. Оның ойынша, бұл тұста мәселенің екі жағы бар, арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін шешім – зейнеткерлікке шығуды мұғалімнің өзіне қалдыру. М.Бақтиярұлы осыдан біраз бұрын 30 жылдық үздіксіз педагогика саласында еңбек өтілі бар мамандарды зейнетке шығару туралы ұсыныс жасаған. Сол уақытта 18 жасында оқуға түскен талапкердің ЖОО-дағы жүрген жылдары да педагогикалық еңбек өтіліне есептелетін, сонда маман 30 жылдан кейін 48-49 жаста болады. «Бұл ұсынысымыз көп талқыланды. Міне, дәл осы ойды заң жобасы туралы сөз қозғалғалы бері педагогтар қайталап келеді. Бірақ мұның екінші жағы бар, 50 жасқа жетпей зейнетке шыққан педагогтың зейнетақы қорында қаржы аз болады. Сол себепті таңдауды педагогтың өзіне қалдырайық: егер 49 жаста зейнетке шықса, қорындағы қаражатын зейнетақы етіп берейік, 63 жасқа дейін істегісі келсе, зейнетақыны да сол уақытта ғана қолына ұстатайық. Бұл – жеке ұсынысым, әлі талқыланады», дейді сенатор. Себебі Қаржы министрлігі аталған ұсынысқа байланысты қаражатқа қатысты заңды және жүйелік кедергілер барын алға тартыпты. Депутаттың дерегінше, аудан, ауылдарды аралап, педагогтармен кездескенде бәрі ең маңызды үш ұсыныс айтқан екен. Олар құқықтық, материалдық жағынан қолдау және зейнеткерлік жас туралы заңды күші бар өзгеріс керегін жеткізген. Құқықтық қолдау дегеніміз түсінікті, ал материалдық тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз кеңесінде мұғалімдердің жалақысын алдағы 4 жылда 2 есе көбейтуді тапсырған-тын. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз. Бұдан бөлек, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе мөлшерде; педагогикалық шеберлігі үшін; тәлімгерлік үшін қосымша ақы да қарастырылған. Ал үшіншісі әрі ең көп көтерілгені – зейнеткерлік жасты қысқарту туралы ұсыныс болған екен.
Қайыр қылсаң, бүтін қыл
Елбасының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы тамыз айында алдымен Үкіметте қаралып, қазір Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Білім және ғылым министрлігі бізге берген ресми ақпаратында: «Осы заң жобасын әзірлеуде педагогикалық қоғамның ойы тыңдалды, нәтижесінде 18 мыңнан астам әртүрлі ұсыныс келіп түсті. Заң жобасындағы басты мәселе: педагогтың құқықтарын кеңейту, оқу жүктемесін азайту, материалдық/материалдық емес ынталандырулар, жалпы білім беру жүйесін жетілдіру шаралары. Педагогқа тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар жаңа заң жобасында кейбір заңнамалық актілерге Ілеспе заңда көзделді», делінген. Бірақ заң жобасындағы педагогтың кәсіби қызметін қамтамасыз ету шарттары қарастырылған кәсіптік міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тарту туралы 2-тармақта: «Мыналарға: 1) педагогты оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға; 2) педагогтан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге; 3) педагогтың кәсіби қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге; 4) педагогқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді», деп көрсетілген. Педагогтар осындағы «жол берілмейді» дегенді «тыйым салынады» сөзімен алмастыруды ұсынды, себебі екі сөздің салмағында әжептәуір айырмашылық бар. Қазақта «Қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген сөз бар, мұғалімдердің міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартылмауын қаласақ, жол берілмеуін емес, түбегейлі тыйым салынуын қарастырған жөн-ақ.
Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр
Қоғам • Бүгін, 17:04
Көшербаев: Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы
Үкімет • Бүгін, 17:00
Аида Балаева көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлының отбасына көңіл айтты
Қоғам • Бүгін, 16:36
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:33
Эверест шыңын бағындырған Мария Әуезова елордаға келді
Қоғам • Бүгін, 16:15
Ералы Тоғжанов Қордайдағы биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Грекия жазғы маусымда толық ашылуды жоспарлап отыр
• Бүгін, 16:03
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 16:01
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:52
Дәрігер мамандықтарына грант санын көбейту қажет – Президент
Білім • Бүгін, 15:42
Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:41
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспар жобасы дайын
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Бүгін, 15:31
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 15:28
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Атырау облысындағы Ресеймен шекаралас бекетке қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Бүгін, 15:17
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:12
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Бүгін, 15:09
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Бүгін, 15:08
Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті – жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Мемлекет басшысы Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайтынын айтты
Президент • Бүгін, 14:56
Бүгін бокстан әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді
Бокс • Бүгін, 14:50
Елордада вакциналау пункті бар СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Бүгін, 14:30
Президент Жайық өзенінің тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді
Президент • Бүгін, 14:30
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Індеттің алдын алмаса, адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін - Президент
Қоғам • Бүгін, 14:00
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Бүгін, 13:58
Солтүстік Македониямен арадағы келісімдер азаматтар құқықтарын қамтамасыз етеді - М.Әшімбаев
Қазақстан • Бүгін, 13:29
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Бүгін, 13:29
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Бүгін, 12:50
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 12:35
«Keruen» мен «Абу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды
Коронавирус • Бүгін, 12:32
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қазақстан • Бүгін, 12:10
11 млрд теңге жұмсалған құбырдан су емес құм ағып тұр
Қоғам • Бүгін, 12:08
Сарайшықтың орнын сақтау мүмкіндігі азайып барады
Тарих • Бүгін, 11:55
ТЖМ басшысы су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Талғат Мұсабаев азаматтық авиация саласындағы өзекті мәселелер туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 11:36
Сенатор: Аграрлық саладағы субсидиялау ережесін қайта қарау керек
Парламент • Бүгін, 11:33
Қостанай облысында вакцинация тоқтатылды
Медицина • Бүгін, 11:33
Павлодарда екі көлік соқтығысып, ер адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:25
Күлтөбеден табылған алтын сырғалар қорық-музей қорына тапсырылды
Руханият • Бүгін, 11:19
Елімізде күнбағыс майы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:18
Бір күнде 6 мыңнан астам алматылық вакцина салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қарттар үйінде 2 адам коронавирустан қайтыс болды
• Бүгін, 11:07
ІІМ басшысы полицейлер орындауы тиіс 8 міндетті анықтады
• Бүгін, 10:49
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 800 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:43
Ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Елордадағы сауда орындар 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 10:21
Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр
• Бүгін, 10:21
Олимпиадалық турнирдің жеребесі тартылды
Футбол • Бүгін, 10:10
Өндірістегі жазатайым жағдайлар азайып келеді
Қоғам • Бүгін, 09:57
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:31
«Қайрат» «Бенфикамен» күш сынасады
Футбол • Бүгін, 09:17
Коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:11
Әкімдер Парламентте есеп беретін болады
Парламент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 2373 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Көз тоймайтын коттедж қалашығы
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Руханият • Бүгін, 08:30
Жайылымдық жер де күтім тілейді
Қоғам • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Теміртау экологиясын оңалтуға назар аударды
Экология • Бүгін, 08:21
Мақсаты айқын, қалыптасқан, орнықты құрылым
Пікір • Бүгін, 08:15
Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Ұқсас жаңалықтар