Жарыстың екінші күнінде, бүгін шаршы алаңға 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады. Қазақстан намысын бұл салмақта Дариға Шәкімова қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы чехиялық Мартина Щморанзова болмақ.
Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Естеріңізге сала кетсек, 3 қазан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған Қазақстаннан 10 спортшы қатысып жатыр. Аталған әлем біріншілігі 13 қазанға дейін жалғасады.