Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Елордада жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына іріктеу жүріп жатыр

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға іріктеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына іріктеу жүріп жатыр

Оқу курстары 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы барлығы мыңға жуық адамды қысқа мерзімді оқыту көзделіп отыр. Бүгінгі күні 711 қатысушы 18 мамандық бойынша 11 оқу ұйымына жіберілді. Оның 247-сі курсты аяқтап, 109 -ы жұмысқа тұрды. Сондай-ақ комиссия 289 жаңа бизнес идеяны жүзеге асыруға грант беруді құптады. Оқу кезінде қатысушыларға ай сайын 16759 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарына түзетуге сәйкес, қосымша 450 адамды қысқа мерзімді курстан өткізу көзделген. Қазіргі күні топтарды жасақтау үшін алдын ала тіркелу жүріп жатыр. Қысқа мерзімді оқу курстары есепші, слесарь-сантехник, аспаз, наубайшы Кондитер, Web-дизайн, әкімші, тігінші, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі, уқалаушы, шаштараз, кибер қауіпсіздік саласының маманы, видеографика және анимация, электрдәнекерлеуші, мектепке дейінгі білім беру педагогы, автоэлектрик, риэлтор, мемлекеттік сатып алу бойынша маман, видеоинженер оператор, музыка терапевт, инетерапевт, сарапшы-бағалаушы, сурдраудармашы және визажист  мамандықтары бойынша жүріп жатыр.