Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

75 реткөрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржының тиімді пайдалану мәселесі талқыланды.

Ұлттық экономика министрлігінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Бас Прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Өңірлерде Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ауыз сумен қамтамасыз ету салаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты жоғары тәуекелдер бар екені анықталды.

Атап айтқанда, прокуратура органдары еліміздің алты өңірі бойынша қаржы жымқыру және мақсатсыз жұмсау фактілері бойынша жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік қаражаттың ысырап болғанын анықтаған, одан мемлекетке 730 млн теңге көлемінде зардап келген. Осы фактілер бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, 267 млн теңге қайтарылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2017 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық бойынша 145 қылмысты анықтады, қылмыс жасағаны үшін 78 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 59-ы сотталды. Мемлекетке келтірген 931,9 млн теңге зардап сомасының 907,6 млн теңгесі қайтарылды.

Бағдарламаны іске асыру кезеңі бойынша Қаржы министрлігіне қарасты Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 33 қылмыстық іс қаралған.

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 10 лауазымды тұлғаны құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке, 22 тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты. Процесстік шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 5,7 млрд теңгені құрайтын 24 іс жіберілді.

2019 жылы камералық бақылау жалпы сомасы 42,8 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алудың 45 процедурасын қамтып, жалпы сомасы 39,1 млрд теңгені құрайтын 42 процедура бойынша мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзу жағдайлары анықталған.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы құқық бұзушылыққа жол берген себептерді жоюға және олардың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдауды тапсырды. Мемлекетке тигізген зардапты өтеу мәселесіне де ерекше назар аударды.

Сонымен қатар Комиссия Мемлекеттік бағдарламаны ары қарай іске асыру үшін және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстар дайындап, тиісті мемлекеттік органдарға жіберді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар