Қазақстан • 06 Қазан, 2019

Бүгін ауа райы қандай болады?

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін антициклонның ықпал етуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлайды.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Еліміздің оңтүстік өңірінің таулы аймақтарында ғана өткінші жауын жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Жамбыл, күндіз Атырау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15 20 метрге жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысында түнде жердің беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді. Түркістан және Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүсік-шығысында өрт қауіпі сақталады.