Аймақтар • 06 Қазан, 2019

Алматыда Жетісу өңірінің табиғи өнімдері жәрмеңкеге шығарылды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісудың табиғи таза өнімдері Алматыдағы жәрмеңкеде 114,8 млн теңгеге саудаланды.

Алматыда Жетісу өңірінің табиғи өнімдері жәрмеңкеге шығарылды

Алматы қаласындағы «Астана» алаңында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл кеңейтілген жәрмеңкеге 17 аудан мен Текелі, Қапшағай қалаларынан және «Жетісу» ӘКК тұрақтандыру қорынан жалпы салмағы 210,7 тонна болатын 53 түрлі өнім апарылды деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың ішінде 32,6 тонна ет, 10,7 тонна сүт және 10,3 тонна балық өнімдері, сол сияқты 67,3 тонна көкөніс, 21,6 тонна жеміс-жидек, 41,1 тонна картоп және басқа да өнімдер бар.

Осы күні әрбір аудан, қала аграрлары «Астана» алаңы аумағында құрылған 120 шатырда сап түзеп, өздерінің азық-түлік тауарларын нарықтағыдан төмен бағада ұсынды. Алматылықтарға жалпы көлемі 114,8 млн. теңгенің өнімі саудаланды.

Жәрмеңкені Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аралап көрді. Жәрмеңкедегі азық-түліктің ассортимент түрлерін, баға бағамын көріп, тауар ұсынушылармен және сатып алушылармен тілдесті.  

Облыстың өнер ұжымдары жәрмеңкені ән-күймен әрлеп, ажарын кіргізді.

Жалпы мұндай жәрмеңкелерді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны ырықтандыру бағытында тұрақты өткізу дәстүрге айналған.

Соңғы жаңалықтар